Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәссәған! Ақтөбеде 50 күйші бір мезетте домбыраға тіл бітірді

"Қазақстан" телеарнасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан "Мен қазақпын" мега жобасы батыс өңірімізден бастау алды. Ақтөбелік өнерпаздардың ынта-ықыласы ерекше болғанға ұқсайды. Телеарнаның шығармашылық тобы келе салысымен, бас салып туған жердің шырайын кіргізген рухани жәдігерлерін ортаға салды.

«Мен  қазақпын»  мега  жобасының  аясында  Ақтөбеде  сауда  орталықтарының  бірінің  алдында  домбыра  пати  өтті, -  дейді aktobenews.kz  порталы.

50  күйші  бір  мезгілде  домбыраға  тіл  бітірді.  Мұны  шара  қонақтарымен  бірге  Ақтөбеліктер  де  тамашалады.  Батыстың  күй  мектебінен  сыр  шертетін  бірнеше  туындылар  орындалды.  Оның  ішінде  шоқтығы  биік  Құрманғазы,  Қазанғап,  Дина  күйлері  айналаны  шуаққа төгілтіп  жіберді.

«Мен  қазақпын»  халықаралық  мега  жобасының  облыстық  кезеңіне  18  үміткер  қатысады.  Бұл  аудандарда  іріктеу  кезеңінен  сүрінбей  өткен  термешілер,  күйшілер  мен  жыршылар.  Ал, республикалық  байқауға  қатысуға  қай  өнерпаздың  лайықты  екені  маусымның  11  күні  белгілі  болады.  Байқау  жексенбіде  Ғазиза  Жұбанова  атындағы  облыстық  филармонияда  сағат  15.00-де  өтеді.

0
0
564

Осы тақырып бойынша

Мәссәған! Ақтөбеде 50 күйші бір мезетте домбыраға тіл бітірді - Yvision.kz