Кеше Халықаралық Бизнес Университетіне, «Іскерлік тәжірибе» курсына қатысып — өз тәжірбиеммен бөлістім

Кеше Халықаралық Бизнес Университетіне, «Іскерлік тәжірибе» курсына қатысып - өз тәжірбиеммен бөлістім.
Кәсіпкер дегеніміз кім жане қандай қасиеттер бойында болу керек деген сұрақтарға өз ойыммен бөлістам, қысқа мәтінімен сіздермен бөлісемін:
1. Қай істі бастамасаң да қаржылық пайдаңды ойла, егер қаржылық пайда болмаса ол тек әлеуметтік сипаттағы қайырымдылық болып қалады.
2. Өмірде өз мүмкіндігіңді жіберме.
3. Өз ісіңнің кәсіби маманы бол. Кәсіби маман дегеніміз – өзі білмесе үйреніп алатын, үйрене алмаса істеп білетін адамды тауап, сол істен нәтиже шығара алатын адам.
4. Ақыл ойдың икемділігі. Бастаған ісің белгілі бір шыңына жеткенде оны түрлендіре біл. Шығармашылығың үлкен рөл атқарады.
5. Әрқашан жетістікке жеткен адамдармен араласып жүр. Жаман ортаның жақсысы болғанша, жақсы ортаның жаманы бол.
Соңында студенттердің қызығушылық танытып қойған жан-жақты сұрақтарына жауап бердім.
Сондай-ақ Халықаралық Бизнес Университетіне алғысымы білдіремін, ардайым өз тәжірбиеммен бөлісуге дайнмын!



