Елімізде темекінің бағасы 1000 теңге болуы мүмкін
Салық салуға қатысты заңды Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады Өзгерістер мен толықтырулардың көптігі сондай, маңызды жоба атүсті қаралмауы үшін, алдағы үш жылдың бюджетіне байланысы жоқ тұстарын депутаттар алып тастады. Ең маңызды жаңалық – жеке бастың табыс салығы 2013 жылға дейін өзгеріссіз - 10 пайыз күйі қалады. Әйтпесе үкімет келесі жылдан бастап аталған салықты өсіруге ынталанған болатын. Ал депутаттар көтергісі келетін салықтың түрі - темекі өнімдеріне салынатын акциз. Елімізде 4 миллион адамның шылым тартатынын айтқан олар, халық денсаулығына төнген қауіптің бетін қайтаратын бір жол – темекінің бағасын өсіру екеніне күмәнданбайды. Үкімет, бұл пікірдің жаны бар екенін мойындағанмен, акцизді дәп қазір көтеруге құлықты емес. Біртіндеп және кезең-кезеңімен өзгертуды ұсынады…
