Мазмұнға өту
til

TIЛ ЖУРНАЛЫ

@til

Сайтта 2010 ж. 21 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

113

пікірлер

42

тіркелуші

52

жазылымдар

30

Сәукеле, шашбау, білезік, сырға жарасар қазақ қызына…

Көкенов Тыныбек Ахметқалиұлы қазақтың ұлттық қолөнерін насихаттап жүрген зергер ТІЛ: Тыныбек мырза, біздің халқымыздың тарихында жасаған бұйымдары талайды тамсандырған зергерлер көп болғанын, біздің халық үшін бұл өнердің жат еместігін жақсы білеміз. Бүгінгі күні де арамызда қазақтың ұлттық қолөнерін жетілдіріп, әдемі де айшықты небір бұйымдар соғып жатқан зергерлер жоқ емес. Сіздің туындыларыңыз да ерекше бір ықыласпен, қажырлы еңбекпен жасалған дүниелер екені байқалады. Бүгінгі күні қазақ зергерлік өнерінің жағдайы қалай, қазақ зергері ретінде өмір жолыңыз қалай қалыптасуда? —Біздің тарихымызда зергерлік өнердің небір тамаша түрлері болғанын қазба жұмыстарынан табылған дүниелерден көріп жүрміз ғой. Алтын мен күмістен жасалған талай бағалы дүние музейлерде сол тарихтың өшпестігін дәлелде…

0
0
43223

Мемлекеттік тілде тәулік бойы жұмыс істейтін телеарна қажет - Кәрім Мәсімов (10.01.2011)

масимов, тіл, казахский язык, министерство информации, «Мемлекеттік тілде тәулік бойы жұмыс істейтін телеарнаның қажеттілігі айқын сезіледі. Әсіресе, өңірлер үшін бұл мәселе шешімін табуы тиіс. Мұндай проблеманың шешімін таппай мемлекеттік тілді дамытуды және осы төңіректегі басқа да шараларды ілгері жылжыту мүмкін емес»,- деді К. Мәсімов.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде өткен 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына және 2011 жылғы міндеттерге арналған алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ведомствоның алдына бәсекеге қабілеттілікті арттыруды басты назарда ұстауды тапсырды

0
0
907

2011 - Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 300 жыл

Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 Қоян жылы дүниеге келді. Абылай хан (1711-1781) Уәлиұлы Әбілмансұр Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Т…

0
0
3670

Жұмабек Тәшенев деген кім?

Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріптермен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, алмағайып аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орыны тым ерекше. Олар болмаса біздің бүгінгі жарқын күндеріміз дәл осындай қалпында болар ма еді? Халқымыздың басына түскен қиын сағаттарда ерекше жаралған перзенттерінің жанкештілігінің арқасында қазақ жері осы бүтіндігін сақтап қалды. Өткенді бағаламай, тарихты терең білмей, ертеңгі күнге дайын болу мүмкін емес. Біз журналымыздың осы санынан бастап, ұлт жанашырлары атанған, бүгінде арамызда жоқ асыл тұлғалар жөнінде баяндағымыз келеді. Өмірбаяны Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасынд…

1
1
30288

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды...

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды... Құрметті «Тіл» журналының оқырмандары! Біздің бүгінгі қоғамымыздың дертін екіге жарылған тілдік ортамен байланыстыруға болады.Олардың бірі тілін білумен ерекшеленсе, бірі білмегендігімен ортадан алыстап бара жатқандай. Бұл бір ұлттың ұйып тұтастануына сына қағатындай алшақтықты қайтсек жоюға болады? Ұлттық сана-сезімі жоқ жігерсіз халықты қашанда басқа жұрттар өз ойынын жүргізу үшін пайдалана береді. Ұлттық болмы- сынан, тілінен айырылған жұрт толтыруды қажетсінетін бос шелек тәрізді. Ал бос шелекке не құйсаң да бәрі бір. Мен бір ұлттың өкілімін дей тұра, сол ұлттың бары, байлығы –тілінен хабарсыз болсаң, айтқанын мен істегеніңнің ауылдары алыс жатпай ма? Бұл қателікті болдырмас үшін де халқымыз бір ғана тілде ойлауы,…

0
0
1781

Құрбан айт - құтты мереке

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп? 1. Мұсылман болуы; 2. Ақылды және балиғат жасына толуы; 3. Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; 4. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы; Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки соның құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны секілді, тек қана еті үшін де союға болады. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанмен жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Құрбандық шалудың негізгі мәні мен маңызы Құрбан шалу – мұсылмандықтың рәмізі. Құрбан шалу – ұлы ғибадат. Жүректі дүниеқұмарлықтан, сараңдықтан аластатады. Құрбан шалудың қоғамды…

0
7
883

Шығыс Қазақстанда ауыл аттарын қазақшалауға жергілікті тұрғындар қарсы

Шығыс Қазақстан облысы мәслихат депутаттары облыстағы ауыл аймақ аттарын қазақшалау мәселесін көтерді. Қазіргі таңда арнайы құрылған ономастикалық комиссия нақты төрт ауылға тарихи тұлғалардың атын беруді жоспарлап отыр. Комиссия аймақтағы Семеновка, Ново-Андреевка, Покровка, Сосновка атты төрт елді мекенге қазақша атау беру мәселесін көтерді. Оларды қазақшалау бұрынғы тарихи атауларына негізделе отырып жасалатынын айтады. Мәселен, Семеновка ертеде Қарабас, ал Сосновка бұрындары Ерназар деп аталған дейді. Депутаттар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады. Бірақ мұндай шешім орыс тілді өлкетанушыларды аса қуанта қоймапты. Павел Жуков мал бағып, отырықшылықты білмеген кезбе елде, қайдан тарихи атау болсын деп шамданды. "Бұл жерде ешқандай да елді мекен болмаған. Көшпенді жерлер ғана болған,…

0
0
2476

«Желтоқсан» қозғалысының белсенділері Козловқа жұмыртқа жаудырды

«Желтоқсан» қозғалысының белсенділері оппозициялық «Народовластие» («Халық билігі») блогының көшбасшыларына жұмыртқа лақтырып, баспасөз мәслихатын болдырмады, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі. Бұл оқиға бүгін, яғни,  сәрсенбі күні Ұлттық баспасөз клубында Қазақстан коммунистерінің бұрынғы хатшысы, әм құрметті көшбасшысы Серікболсын Әбділдин сөз сөйлеп отырған кезде көрініс тапты. «Желтоқсандықтардың» наразылық білдіруіне себеп болған жайт  С. Әбдилдин орыс тілінде сөйлеп, президенттіктен үміткер  адамның кім екендігін ашып бергендігінен басталған сияқты. Олар коммунистердің құрметті көшбашысының қазақша сөйлеуін талап етіп, ақыры, «көсемдердің» көлеңексі ұялаған қабырғаға жұмыртқа лақтырды. Ол аз болғандай, артынан іле-шала тағы екі адам орындарынан жұлынып тұрып төр…

0
1
1487

Козловқа кім дауыс береді екен?

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі В. Козлов алдағы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді.

Козлов казак еліне елбасы болу ушін КАЗАК ТІЛІН уйреніп жатыр екен …

0
0
444