Мазмұнға өту
temirrr

Тимур Бектұр

@temirrr

Сайтта 2011 ж. 23 тамызКазахстан, Атырау

"Мен, мен, мен едім! Мен нарында жүргенде..." :)))

рейтинг

100

жазбалар

24

пікірлер

52

тіркелуші

9

жазылымдар

6

Қазақы блогтұғыр - Qazaqblogger.com

Ия, дәл қазір орыстілділер арасында ЖЖ-ның жабылып қалғаны туралы мәселе күн тәртібінде тұр. Ал бұдан сәл ғана бұрын Wordpress-тің қазақы секторы дәл осы Астананың "айтишник" Сарыарқа соты тарапынан "тарс" етіп жабылған болатын. Сол кезде орысша жазатындар шынын айтқанда "мыңқ" еткен жоқ. Жағдай түсінікті, біздің елдегі қазақ блогшыларының көбі (Асхат Еркімбайдың айтуынша 500-ге жуық) сол уордпресті пайдаланады екен. Демек "ҚазНеттің қазақ секторының өзіне ортақ бір блог-платформа қажет" деген сөз. Бір жағынан осындай бір себеппен, бір жағынан уордпресте блогтары жабылып қалған блоггерлердің сенделіп кеткенін көрген соң, ойыма блогтұғыр ашу келген етін. Ешқашан ондай жүйе жасап көрмесем де тәуекелдің арқасында көп ұзамай "Қазақы блогтұғыр - Qazaqblogger.com" деп аталатын платформа аштым.…

0
7
726

Сәлем, Әлем! :)

Сонымен, ювижнді де байқап көрелік:) Негізі менің логинім "timurrr" етін... Аңдаусызда "tеmіrrr" боп тіркеліп кеттім:)

Әлқисса, "ювижнде тек қана орыстар жүреді, қазақша жазсаң түсінбейді" деген бір скептик көзқарас болған жоқ емес, шынын айтсам өз басымда болды:)  Сөйтсем, тым жақсы қазақша жазатындар бар екен. Демек "жазғаныңды оқитын аудитория бар" деген сөз! "Айтқаныңнан не пайда, тыңдайтын жан болмаса?" дегендей, айтқанды тыңдар болмаса сөз жетім де, оған құлақ табылса, айтуға біз сөз табармыз:) Ал ендеше ұрыста тұрыс бар ма? Кеттік!

 

Пысы: Айтпақшы, жаңа ғана алғашқы постымды жарияларда төменнен "пост на казахском языке" деген чек-батынды көрдім. Ол не үшін? Шәйнекке түсіндіріп қойсаңыздар... Рахмет!

0
8
723