Сәлем, Әлем! :)
Сонымен, ювижнді де байқап көрелік:) Негізі менің логинім "timurrr" етін... Аңдаусызда "tеmіrrr" боп тіркеліп кеттім:)
Әлқисса, "ювижнде тек қана орыстар жүреді, қазақша жазсаң түсінбейді" деген бір скептик көзқарас болған жоқ емес, шынын айтсам өз басымда болды:) Сөйтсем, тым жақсы қазақша жазатындар бар екен. Демек "жазғаныңды оқитын аудитория бар" деген сөз! "Айтқаныңнан не пайда, тыңдайтын жан болмаса?" дегендей, айтқанды тыңдар болмаса сөз жетім де, оған құлақ табылса, айтуға біз сөз табармыз:) Ал ендеше ұрыста тұрыс бар ма? Кеттік!
Пысы: Айтпақшы, жаңа ғана алғашқы постымды жарияларда төменнен "пост на казахском языке" деген чек-батынды көрдім. Ол не үшін? Шәйнекке түсіндіріп қойсаңыздар... Рахмет!
