Мазмұнға өту
temirrr

Тимур Бектұр

@temirrr

Сайтта 2011 ж. 23 тамызКазахстан, Атырау

"Мен, мен, мен едім! Мен нарында жүргенде..." :)))

рейтинг

100

жазбалар

24

пікірлер

52

тіркелуші

9

жазылымдар

6

"Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" һәм Стив Джобс бақилық

Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят) Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы) ..Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне... Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге "Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун" дегенді, яғни "Алладан келдік және оған қайтамыз" деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да "Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" д…

2
0
3711

Қайрат Лама Шәріп сектант па?

Брондалған пойызда келе жатқандарға ақпарат: Қайрат Лама Шәріп - ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы. Бұған дейін Сауд Арабиясындағы және қосымша түрде Кувейттегі Қазақстан РеспубликасыныңТөтенше және Өкілетті елшісі болған. Қазақ. Ертіс қаласында туған. Дәл қазіргі таңдағы оның аты аталған жердегі айқайдың барлығы оның һәм оның қол астындағы агенттіктің дәл осы күндері қызу талқыланып жатқан “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” жаңа заң жобасына тікелей байланысты. Себеп: сирақтан бүйрек шыққанында! Көзі қарақты елге белгілі болғандай, бүгін, яғни қыркүйектің 21-і күні Қазақстан Парламентінің Мәжілісі бүгінгі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа заң жобасын мақұлдап жіберді. Бірақ… Бір қайнауы ішінде кеткен Заң жобасының “тұла бойындағы” гәп - Жаратқанына қ…

0
0
1019

Әлішер Каримов Атырауға түкіріп кетті!

Атырау халқы бір айға жуық бойы қаланың барлық көшесінде жаулап кеткен Әлішер Кәрімов атты әншінің жарнамасын жаттап алған болатын. Бағасы 1500-3000 теңге көлемінде тұратын билетті де дымын қалдырмай сатып алыпты жергілікті жұртшылық. Бірақ... Шын өтірігін кім білсін, концертті ұйымдастырушының берген ақшасын місе тұтпаған Әлішер Каримов Атырауға таңертең келіп, кешкісін кері қайта ұшып кетіпті. Сондағы сылтауы: "Мен "фанерамен" айтатын қуыршақ емеспін. Дайындалу үшін кемінде 2 сағат уақыт керек..." т.с.с. Бұл туралы хабарлаған Caspionews осы кешті ұйымдастырған, әншіні продюсерімен қоса Атырауға келгенше ұшақпен қамтамасыз етіп, қонақүйден жатын орын дайындаған, билет дайындап, сатып, жарнамасын қолға алған және Махамбет ат. драма театрын жалға алған Айнагүл Қабиеваның қып-қызыл шығынға…

0
0
604

Атырауда тегін Wi-Fi

Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні, Атырау қаласының халқы үшін жағымды жаңалық болды. BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Исатай-Махамбет орталық алаңы және қала ішіндегі өзге де халық көп шоғырланатын алаңдарда (Құрманғазы, Өзен жағасы, "Атырау" сауда орталығы, облыстық-қалалық әкімшілік аллеясы, Д.Нұрпейісова алаңы, Жеңіс саябағы, "Жилгородок" саябағы) тегін сымсыз Интернет желісі (Wi-Fi) қосылды.

"Қазақтелеком" және облыстық әкімшілік мұрындық болған бұл іс ҚР Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша атқарылып отыр екен. (Демек Қазақстанда Н.Назарбаев айтпаса, тапсырма бермесе, ешкім халық үшін ештеңе істемейді).

Ал, халайық, пайдаланыңыздар! Құттықтаймын! :)

1
0
798

CCCР және Ислам

Интернетті ақтарып отырып мына бір деректі фильмге жолығып қалдым. Менің санамда "Кеңес Одағының кезінде дін өкілдері қудаланды, дін апиынға теңелді, молдалар қатаң бақылауда болды..." деген секілді-сықылды пікір қалыптасқан етін. Ал мына өздеріңізге ұсынып отырған фильм сол бір менің "қатқан ойларыма" сілкініс жасаған тәрізді. Сөйтсек, Өзбекстанда кәдімгідей дін ұстанып, жер-жерден оқушылар келіп, Орта Азия және Қазақстан мүфиі де өз қызметін атқарыпты. Тіпті шет мұсылман елдеріне оқытуға бала жіберілген де екен. "Ол аз" десеңіз, фильмнің бір жерінде "Дін мемлекеттен болғанымен, біздер адамдардың наным-сеніміне қол сұқпай, олардың ғибадат жасауына кедергі жасамаймыз" деп қояд... Қалғанын өздеріңіз тамашалаңыздар:

 

http://www.timurdan.info

0
1
402

Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

Баршаңызға, сәлем! "ААА" деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы оқу жылының басында өте бір тамаша бастау жасап жатыр. Шараның мақсаты: жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау. Мен не істей аламын? Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады. Шараның өтетін орны және мезгілі: Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, "Атырау" сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін. Анықтама телефондары: 20-39-32, 8 701 925 26 14 Шараға өз үлесін қосқ…

0
0
586

Қадір түні және Марс

Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн - Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді: «Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады». Осы орайда өздеріңізбен Қарағанды орталық мешітінің сайтынан алынған мына бір мәліметпен бөліскім келеді: Бисмилләһир Рахманир Рахим1. «Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік». Бұл аятта айтылып жатқан Құранның түсірілуі Лаухул Махфуздан бұл дүние аспанына түсірілуі. Бұл мағына Ибн Аббас р.а-дан риуаят етілген. Міне осы оқиға Қадыр түнінде болғандығы осы аят ашық білдіріп тұр.Құран бұл дүние ас…

0
7
3140

Стив орынтағынан кетті

Бүгінгі күннің мен үшін басты жаңалығы ол - Эпплдің (Apple) бастығы Стив Джобстың (Steve Jobs) орнын тапсыруы болды. "MacWorld" журналының мәліметіне қарағанда (ағылш), кеше, тамыздың 24-і күні ол Apple қызметкерлеріне арнап өзінің жолдамасын жариялаған. Apple Директорлар кеңесі мен Apple жұртшылығына: Осы уақытқа дейін мен егер өз қызметімді дұрыс атқара алмаған жағдайда бұл туралы ең алғашқы болып өзім құлағдар ететінімді үнемі айтып жүрген болатынмын. Өкінішке қарай, сол күн де келді. Осы хатты өздеріңізге жолдай отырып, өзімнің Apple Атқарушы директоры қызметімнен кететінімді хабарлаймын. Егер Директорлар кеңесі мақұл көрсе, онда мен өзімді сол Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде және сол бұрынғыша Apple-дің қарапайым жұмысшысы ретінде көргім келеді. Ал өзімнің орныма Тим Кукты (Ti…

0
1
526

@anatili мен @Aliya_ocean азаттығымызды ұмыттырды

Өздеріңізге белгілі, twitter есімді микроблог ортасында @anatili аккаунты қазақ тілін өркендету мақсатында аптаның әр сәрсенбісін "Қазақи күн" деп жариялады. Әуел баста бірі жақтады, бірі даттады дегендей... Әрине, онсыз да тілім-тілім тіліңді жандандыра алмай жүргенде мұндай бастаңғыға "Құп" дедік. #kzday деген ілмек те жарық көрді. Әшейінде орысша безілдейтін талайлардың әр сәрсенбі сайын қазақша да тәуір жазып, сөйлей алатындарына көзайым болып, кәдімгідей қуанып қалдық. Өйткені, өзіміз үшін тек сәрсенбі емес, аптаның әр күні #kzday. Қазақта тәп-тәуір мақал бар. (Қазақта тәуір мақал көп негізі...) Соның бірі: "Мақтаған қыз тойда оc..ады" деп келеді. "Не боп қалды тағы?" дейсіздер ғой? Болғаны сол, кешегі сәрсенбіде @anatili жаңа бастама көтеріп, #kzday ілмегіне төрттаған құрастырғандар…

0
7
961

"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен... Бұл мақаланың басы, яғни "Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын. Өздеріңіз білесіздер НЛП деген дүние бар. Яғни "Нейро лингвистикалық программалау" деген сөз. Бұл ақпарат…

0
4
2509