Перейти к содержимому
syrym.nurotan.kz

Сырым аудандық филиалы

@syrym.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 22 қыркүйекКазахстан

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының Facebook, Instagram парақшасына тіркеле кетіңіз!!! https://www.facebook.com/amanatsyrym/ https://www.instagram.com/amanat_syrym/?hl=ru

рейтинг

250

жазбалар

459

пікірлер

0

тіркелуші

12

жазылымдар

12

Талғат Даргужиев Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының отырысы туралы.

Талғат Даргужиев: Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтің төрағалығымен онлайн жүйесінде Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының екінші отырысы өткізілді. Фракция отырысында партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары-Жол картасы талқыланды. Партияның аудандық сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті бағыт бойынша қамтылған шаралар "Жол картасының" іс-шаралар жоспарында әр жылдар бойынша нақты көрсеткіштер арқылы белгіленіп, көрсетілген. Жол картасындағы іс-шараларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқару мақсатында, сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету үшін фракция мүшелері әр бағыттар бойынша жауапты орындаушылар болып б…

0
0
136

Мәслихат депутаты А.Балғалиев фракция отырысының күн тәртібіндегі қаралған мәселелер жөнінде пікірі

Айдынғали Базарғалиев: Бүгін жоспарға сәйкес аудандық «Nur Otan» партиясы Фракциясының екінші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде сауйлау алдында халық аманаты, өтініш-тлектері қамтылған, Сырым аудандық мәслихатындағы партия Фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып филиалдың Саяси Кеңесі Бюросына ұсынылды. Мен өзім жалпы іс шаралар жоспарындағы ауыл шаруашылық мәселелеріне, жобаларына жауаптылық алып, алдағы уақытта сол жобалардың жүзеге асырылуын, ауданда шағын және орта бизнестің дамуына қолда бар бар қолдауларды пайдалана отыра ықпал етуге жауаптымын. Биыл жоспарға сай ауданымызда ауыл шаруашылығы бағытында үш инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады.Құрметті кәсіпкерлер шаруа қожалық жетекшілері мен өзім сіздердің баршаңызбен таныспын, "Атамекен"ҰКП филиалында…

0
0
126

Көгілдір отын кіргізіп берді

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Т.Төреғалиевтың қабылдауында болған Қоңыр ауылының тұрғыны, Отепкалиева Маржантас тұрғылықты үйіне табиғи көгілдір отын кіргізіп беруге көмек сұраған болатын. 2021 жылдың қаңтар айында қабылдауда болған Отепқалиевтар отбасына С.Датұлы атындағы қоғамдық қор арқылы қаржылай қолдау көрсетіліп, үйіне көгілдір отын кіргізілді.

0
0
165

Сырым аудандық маслихаттың депутаты А.Ниязғалиева азаматтарды онлайн түрде жеке қабылдау өткізді.

5 ақпан күні Сырым аудандық маслихаттың депутаты А.Ниязғалиева азаматтарды онлайн түрде жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға тұрғындар тарапынан ұялы байланыс жүйесін іске қосуға ықпалдасу туралы, көшедегі тазалық, тұрғын үй мәселесі, көшелердегі қанғыбас иттер туралы, ерекше білімді қажет ететін балаларға оңалту үшін жолдама алу мәселелері жөнінде ұсыныстар келіп түсті. Барлық сұраныстар жергілікті әкімшілікпен бірлесіп, тиісті орындарға жеткізіп, оң шешімін табуға ықпал етуде.

0
0
115

Партиялық бақылаудың кезекті отырысы

04 ақпан күні аудандық филиалдың мәжіліс залында ZOOM платформасында Ш.Дүйсенғалиеваның төрағалығымен Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде аудандағы азық – түлік дүкендеріндегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау және COVID – 19 вирусына қарсы екпе алуға дайындық мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Р.Усағалиев хабарлама жасады.- «Азық – түлік дүкендердегі бағалардың тұрақтылығын қадағалау мақсатында мониторинг топ құрылып, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 қаулысы бекітілген 19 атауы бойынша, апта сайын бақылау жүргізілуде» - деді өз сөзінде Р.Усағ…

0
0
199

Мәслихат депутаты Т.Даргужиев қабылдау өткізді.

Бекітілген кестеге сәйкес Т.Даргужиев партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды түрлі мәселелері бойынша қабылдады. Ардагер ұстаз Батыршин Ахмет ағамыз қоғамдық қабылдау да болып, аудандағы колледж жатақханасының мәселесін қозғады.

0
0
103

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысы өтті

Филиалдың мәжіліс залында Иманғалиев Саламат Хамидоллаұлының төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2021 жылға арналған қоғамдық Кеңестін жұмыс жоспары таныстырылып, жоспарға сәйкес Алғабас ауылдық округінде және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралардың есептері тындалды. Отырыс барысында цифрландыру, кәсіпкерлікті дамыту, БАҚ беттеріне материалдар жариялау, бас жоспар, жер телімдерін тиімді пайдалану және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп жүргізілген рейдттердің нәтижелері туралы сұрақтар қойылды.

0
0
122

Мәслихат депутаты А.Ойшыбаева қабылдау өткізді.

03.02.2021. Сәрсенбі.

Бүгін Сырым аудандық маслихаттың депутаты ретінде бірінші қоғамдық қабылдау өткіздім. Қабылдауға келген тұрғындар тарпынан көше жолдары, көшедегі тазалық, жарық шамдардың жанбауы туралы талап арыздары төңірегінде ұсыныстар келіп түсті. Барлық сұраныстар жергілікті әкімшілікпен бірлесіп шешілетін болады. Әр айдың алғашқы сәрсенбісі қоғамдық қабылдау өкіземін. Сондай – ақ кез келген уақытта: 87055907566 хабарласуларыңызға болады.

0
0
114

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

01 ақпан күні "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының ZOOM платформасында отырыс өтті. Отырысқы комиссия мүшелері қатысып, бақылау комиссиясының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева 2021 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырып, партиялық бақылау комиссия мүшелерінің мақұлдануымен бекітілді.

0
0
101