ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысы өтті

Филиалдың мәжіліс залында Иманғалиев Саламат Хамидоллаұлының төрағалығымен "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2021 жылға арналған қоғамдық Кеңестін жұмыс жоспары таныстырылып, жоспарға сәйкес Алғабас ауылдық округінде және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралардың есептері тындалды. Отырыс барысында цифрландыру, кәсіпкерлікті дамыту, БАҚ беттеріне материалдар жариялау, бас жоспар, жер телімдерін тиімді пайдалану және аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп жүргізілген рейдттердің нәтижелері туралы сұрақтар қойылды.