ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Талғат Даргужиев Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының отырысы туралы.

Талғат Даргужиев: Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтің төрағалығымен онлайн жүйесінде Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы Фракциясының екінші отырысы өткізілді. Фракция отырысында партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары-Жол картасы талқыланды. Партияның аудандық сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті бағыт бойынша қамтылған шаралар "Жол картасының" іс-шаралар жоспарында әр жылдар бойынша нақты көрсеткіштер арқылы белгіленіп, көрсетілген. Жол картасындағы іс-шараларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқару мақсатында, сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету үшін фракция мүшелері әр бағыттар бойынша жауапты орындаушылар болып бекітілді. Жоспар бар, мақсат айқын. Ендеше аудандық маслихаттың депутаты ретінде өзіме бекітілген салалар бойынша әр жылдары атқарылатын жұмыстардың орындалуына шамам келгенше күш-жігерімді жұмсай отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қоспақпын.