Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инстаграм-иллюзия немесе «жалған өмір сүру»

Кейбір «профайлдарға» қарап отырсаң, жақсы әсер қалдырады, барлық жағынан. Мінсіз бет терісі, мінсіз киім талғамы, тамақ таңдаудағы мінсіздігі, «сарказммен» жауап берудегі жоғары өзіндік бағасы –барлығы МІНСІЗ адамдар-ай!... Инстаграмда «статус», «популярность», «мне нравится» үшін өмір сүретін жандар қаншама...Шынында, бір досым айтпақшы, «показуха» ғо. Тұрмыстық өмірінде ешқандай қиындық жоқ секілді бәрінде...

Күн сайын киноға, мейрамхана, кафелерге баруы, ең керемет деген мекен-жайларды  «отметить» етіп, ең күшті деген, сұранысқа ие-ау деген кітаптап оқып...қыздар жағы тамақты керемет қып дайындап...мектепті жақсы бітірген, қызыл диплом деген «статусы» тағы бар, орыс тіліне жетік, ағылшын тіліне судай...ең өкініштісі, ата-анасын желіде ғана өлгенше құрмет тұтып, ал шынайы өмірде «қоқыс төге салшы»  немесе «ыдыс жуа салшы» дегенде бұлқан-талқаны шығады...Мінсіз...Бәрі де мінсіз...Мен де сондай шығармын, солардың қатарынан...

Қыр мұрын, маржандай тістер, дүрдиген ерін, ең соңғы шаш үлгісі, суретте сымбатты көрінуге тырысу үшін алға шыққан оң жақ аяғы))), шаштарының ұштары бәрінде-ақ боялған (ақ, сары, «пепельный»), «иззи бутс» кроссовкиі-бұның барлығы: ата-анасының СОРЫ  деп білем. Себебі, қазіргінің «тренді»: «бақытты» желіде бәріне өзін мінсіз көрсету арқылы немесе интернет-дүкендерден күніне жаңа миллион нәрселер сатып алу арқылы елестеді...Ай, идеал қуған адамдар-ай!...

Жігіттерді де алып қарасақ, қызға қолға «жеткізуге» тырысып жатпайды...жай ғана «лайк» и бітті! Қыздың өзі-ақ бірінші боп қимыл жасағанын күтіп отырады не болмаса «қойш, не көп, қыз көп қо» )) Бәріне көз жұмып, «кайфта» өмір сүру..инсаграмдағыларға (көпке топырақ шашпайын, бәрі бірдей емес) сол керегі... «Айфон 7+ не самсунг s8+»..., оларға ата-анасының «проблемалары» керек емес... Қазіргі жастардың миында  қалыптасқан ұғым: «Ата-ана алып беруге міндетті!»

Мінсіз образды құрам деп, шынайы өмір сүруді ұмытқан бәрі... Шет елдерге бару не болмаса саяхатқа аттану-тек күштііі «селфи» жасау үшін ғана... «Жарты» беті көрінбейтін не деген терең мағыналы сурет десеңші...Инстгармыңа қарап, мен сенің кім екеніңді айтам дегенге келдік...Сенің немен айналысатының, өмірде кімсің ешкімді де қызықтырмайды. Суреттің(фото) қараған кезде естелік, қуаныш, күлкі махаббат есіп тұратыны, шынайылықты бейнелейтіні, сол кездегі уақытқа еніп кететіндей әсер тудыратын күші қалмаған...Түрлі «фотошоптармен» адам танымастай қып өзгертіп тастайды...Бұл не үшін, кім үшін керек...
Мағынасыз  түсірілген аяқтың суреттері, басқа жаққа қарап тұрған ракурстағы суреттер немесе «ақымақ» видеолар (қыздардың ер адамның даусымен ән салғаны)... әрине, өнерді қолдаймын, бірақ, өнер деп айтуға келмес... «самовлюбленность»...

Инстаграм- өмір мәні емес, жай ғана электронды фотоальбом.
Көбісі өзіндік орнын жоғалтқандар, барлығы бірдей модель, спортсмен немесе суретші, жазушы болмаса да, ким кардашиан, т.б өзіне пір тұтып, олардың стилімен жүру, соларға  ұқсау –үлкен қателік деп білемін...бұл жағдайға қыздарға қатысты. Өзіндік жекелік қасиеттірін жоғалтып,  фильмнің «пириатский» нұсқасы секілді бір-біріне ұқсаған қыздар саны  көбеюде.

Бұл  тек менің ғана пікірім, өз ойым...Біреудің намысына тиейін дегендей жазбадым. Жай ғана шынайы өмір сүрейік дегім келді.......

 
1
0
1939

Осы тақырып бойынша

Инстаграм-иллюзия немесе «жалған өмір сүру» - Yvision.kz