Перейти к содержимому
shymkent.nurotan

Филиал г. Шымкент

@shymkent.nurotan

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан, Шымкент

Официальный филиал партии "Nur Otan" в городе Шымкент

рейтинг

250

жазбалар

268

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

5

Петро Қазақстан Ойл Продактс

ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға партия жанынан құрылған саяси кеңес мүшелері мен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің ұжымы қатысты. Мамандардың айтуынша өткен жылы компания жоспарланған 61 ұңғыма орнына 80 ұңғыма қазып, 4 мың тоннадан астам мұнай өндірген. Бұл жоспардағыдан 100 тоннаға артық көрсеткіш. Сондай-ақ, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясы өзі өндіетін өндіретін, өңдейтін өнімдердің 89 пайызын ішкі нарыққа экспорттайды. Яғни, бұл дегеніміз компания елдегі мұнай өнімдерінің тұрақты болуына сүбелі үлес қосып отырғанын білдіреді.

0
0
179

Ақтамберді Сарыұлының 345 жылдығына орай іс-шара өтті

Іс-шара қоғам белсендісі, жырау, батыр Ақтамберді Сарыұлының 345 жылдығына арналды.Ақтамберді жырау қазақ маңдайына біткен ұлы тұлғалардың бірі. Ол өзі қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі және дипломат болған. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған.1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабы…

0
0
166

Инклюзивті білім беру - уақыт қажеттілігі

Іс-шараға Баян Айтбекқызы Жандосова, Гульнара Каримовна Усенова және жастар қауымы қатысты.

Инклюзивті білім беру – балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастырады. Қазіргі таңда ол әлем жұртшылығының назарын аударып отырған ауқымды мәселенің бірі. Кездесуде қала мектептеріне аталмыш білім жүйесін еңгізу мәселелері талқыланды.

0
0
100

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне арналған онлайн кездесу

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Азаматтық Альянстың Халқаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне арналған онлайн кездесуі өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құру жобасы сондай-ақ, олардың түйіткілді мәселері қаралды.

«Бизнестің жол картасы 2025»

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі. Жалпы бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:1.Моноқалаларды, шағынқалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;2.Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;3.Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;4.Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.Жиында З. Успухамет осы бағыттар "…

0
0
184

Мемлекеттік этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Қалмаханұлы Бертаев жүргізді. Төраға орынбасары жиынға қатысқан этномәдени бірлестіктердің басшыларына партиямен бірлесе отырып іс-шаралар өткізуге ұсыныс жасады.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «№21 А.П.Чехов атындағы Жалпы үш тілде білім беретін мектебінің директоры Қатира Жұмақұлқызы Рахымбаева:«Бүгінгі іс шара шынымен де өзекті мәселені арқау етіп отыр. Себебі Қазақстан Республикасында тұрған соң, ұлтымыз қанай болса да мемлекеттік тілге жоғары дәрежеде құрмет көрсетуге тиіспіз. Мен өзім қазақ,орыс, өзбек тілдерінде сабақ беретін үштілді мектебінде жұмыс атқарамын. Балалармен жұмыс жасауда барлық нәрсе оның түбірінен, яғни отбасынан басталатынын айтқым келеді. Себебі отбасыда мәдениетке, т…

0
0
178

«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

Кездесуде Қ.Р президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды. Еңбекші аудандық филиалының маманы Ш.Әбдіхан тақырыпқа байланысты баяндама жасап, Жолдаудың басты мақсаттарымен таныстырып өтті.Зиялы қауым өкілдерінен Омаров Жомарт Шайхыбекұлы аудандағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға бақылау жүргізу, қала тұрғындарының санитарлық талаптарды сақтау мәселелерін қадағалау жөнінде партиялық бақылауға ұсыныс білдірді. Ал, Ельчиева Альбина Балгабайқызы бұл ұсынысты қабылдап, алдағы уақытта партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына қосатынын жеткізді.Одан әрі жиынға қатысушылар аталмыш құжат аясында ой алмасып, оны жүзеге асырудың маңызы жайлы талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Жолдауда айтылған бағыттар негізінде күн тәртібіне нақты міндеттер бек…

0
0
149

«Біздің Елбасы — елдің тірегі»

Көрмеде Елбасының еңбектері мен бүгінгі күнгі ең құнды болған кітаптар көпшілік назарына ұсынылды.

Мұндай іс-шара жастар қауымын Елбасы өмірімен таныстырып, оның бойындағы көшбасшылық, білгір саясаткерлігі мен алғырлығы сынды ізгі қасиеттерге үйретеді. Сондай-ақ, қоғам арасында кітап оқу мәдениетінің кеңінен дәріптелуіне үлес қосады

0
0
104

Медицина саласына көңіл бөлінуде

Жиында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы, медицина қызметкерлерінің біліктілігі сонымен қатар тапшылығы жайында әңгіме қозғалды.

Қазіргі таңда кейбір мекемелерде екі дәрігердің орнына бір адам жұмыс жасайтыны сынды мәселелер өзекті. Кездесу барысында бұл жағадайаттар жауапты мамандардың бақылауына алынды.

Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, мәселені шешу үшін ұсыныстарын жеткізді.

«Құтты мекен»

Алдағы жоспарға сәйкес Партиялық бақылау комиссия мүшелері ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарына мониторинг жүргізетіні мәлім болды.

Сондай-ақ, партиялық жобалардың аудан аумағында іске асырылуы Партиялық бақылау комиссиясының назарында болады.