Мемлекеттік этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Қалмаханұлы Бертаев жүргізді. Төраға орынбасары жиынға қатысқан этномәдени бірлестіктердің басшыларына партиямен бірлесе отырып іс-шаралар өткізуге ұсыныс жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «№21 А.П.Чехов атындағы Жалпы үш тілде білім беретін мектебінің директоры Қатира Жұмақұлқызы Рахымбаева:
«Бүгінгі іс шара шынымен де өзекті мәселені арқау етіп отыр. Себебі Қазақстан Республикасында тұрған соң, ұлтымыз қанай болса да мемлекеттік тілге жоғары дәрежеде құрмет көрсетуге тиіспіз. Мен өзім қазақ,орыс, өзбек тілдерінде сабақ беретін үштілді мектебінде жұмыс атқарамын. Балалармен жұмыс жасауда барлық нәрсе оның түбірінен, яғни отбасынан басталатынын айтқым келеді. Себебі отбасыда мәдениетке, тілге деген құрмет дұрыс қалыптасса, балада осының бәрі бастан сіңірілмесе бұл мектеп миссиясына ауырлық түсіреді.
Біз мектепте барлық құжаттарды қазақ тілінде жүргіземіз, сонымен қатар басқа ұлттың мәдениеттеріне де құрметпен қараймыз. Біздің ең бірінші мақсат – сыйластық пен бірлестік, бір-бірімізге құрметті қалыптастыру», – деп өз ойын жеткізді.
Сондай-ақ жиында қазақ тілін үйрену үшін ең алдымен елге құрмет пен шынайы ынта қажеттігі туралы ой қозғалды. Қатысушылар қазақ тілін үйренемін деушілерге бар жағдайды жасай отырып, қастерлі тіліміздің көркемдігі мен байлығын кеңінен дәріптеу жайлы мәселелерді талқылады.
