Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бизнестің жол картасы 2025»

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі. Жалпы бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.

Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:

1.Моноқалаларды, шағын

қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

2.Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;

3.Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

4.Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.

Жиында З. Успухамет осы бағыттар "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тетіктерінің бірі екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, жеке кәсіппен біраз жылдар бойы айналысып келе жатқан Нұрлан Нұрхатұлы Бегимбаев ағамыз: "Бүгінгі таңда мемлекетте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2025» . Егер Сіздің бизнесіңіз Бағдарламаға қатысушыларға арналған экономиканың басымды салаларының тізіміне еңсе, Сіз екінші деңгейлі банктерде несие рәсімдеу кезінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепіл беру сияқты мемлекеттік қолдау шарасын пайдалана аласыз. Сыртқы желілерге (кәріз, сумен жабдықтау және т.б.) сыртқы желілеріне мемлекеттік сараптама болған жағдайда, нысанға жетіспей тұрған инфрақұрылымды тарту бойынша мемлекеттік қолдау ала аласыз. Егер инновациялық жоба ұсынсаңыз мемлекеттік гранттар бөлу жобасына қатысуыңызға болады. ", — деді.

Сонымен қатар жиында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы Даму-көмек бағдарламалары жүзеге асырылуда екені сөз болды.

0
0
182

Осы тақырып бойынша