«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»
Кездесуде Қ.Р президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды. Еңбекші аудандық филиалының маманы Ш.Әбдіхан тақырыпқа байланысты баяндама жасап, Жолдаудың басты мақсаттарымен таныстырып өтті.
Зиялы қауым өкілдерінен Омаров Жомарт Шайхыбекұлы аудандағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға бақылау жүргізу, қала тұрғындарының санитарлық талаптарды сақтау мәселелерін қадағалау жөнінде партиялық бақылауға ұсыныс білдірді. Ал, Ельчиева Альбина Балгабайқызы бұл ұсынысты қабылдап, алдағы уақытта партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына қосатынын жеткізді.
Одан әрі жиынға қатысушылар аталмыш құжат аясында ой алмасып, оны жүзеге асырудың маңызы жайлы талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Жолдауда айтылған бағыттар негізінде күн тәртібіне нақты міндеттер бекітілді. Сондай-ақ, қаладағы түйткілді мәселелерді Президент көрсеткен бағыт бойынша оңтайлы шешу жолдары қаралды.
