Перейти к содержимому
shymkent.nurotan

Филиал г. Шымкент

@shymkent.nurotan

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан, Шымкент

Официальный филиал партии "Nur Otan" в городе Шымкент

рейтинг

250

жазбалар

268

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

5

Шымкентте кәсіпкерлікті бастау жолдары талқыланды

Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, Сайрам бастауыш партия ұйымы өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Қашықтан өткен жиын барысында шаһарда кәсіпкерлікпен шұғылданамын деген азаматтар қандай жолды таңдау қажеттігі кеңінен тарқатылып айтылды.

«Бүгінде өз ісін бастасғысы келетін жандарға арнайы орталықтар ашылған. жақсы бизнес жоспары болатын болса, жеңілдетілген несие де беріледі. Арнайы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы да жұмыс істеп тұр. Тек саладан, есеп-қисаптан, сұраныс пен ұснысты болжауда қателеспеген абзал»,- дейді мамандар.

Қазірде Шымкент кәсіпкерлік субьектілері көп шоғырланған алып шаһарға айналған. Қала тұрғындарының дені ісмер. Әрбірі өз ісін ашуды аңсайды. Мамандардың айтуынша бұл дұрыс көзқарас екен.

0
0
105

Бүгін шағын орта бизнесті бастауда туындайтын мәселелер жайында дөңгелек үстел өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиында жеке бизнесті бастау және оны дамытуда қиындық тудыратын мәселелер сараланды. Әсіресе қоғамда әйелдер тарапын қорықпай өз ісін бастауға ынталандыру қажеттігі айтылды.

Айта кету керек, қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет те бар күшін жұмсауда.

0
0
113

Жастар арасында Ел тарихындағы маңызды оқиғаларды дәріптеуге бағытталған акция өтті.

Мұндай шара тұрғындар арасында ұлттық тарихқа деген құрметті нығайтып, тәуелсіздік тұғырына қалай жеткеніміз туралы мәңгі ұмытпауға үйретеді.

0
0
112

ШЫМКЕНТ: БПҰ төрағалары президент жолдауын талқылады

Қашықтықтан өткен жиында Қ.Токаевтың қазақстандықтарға арналған Жолдауында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамулардың негізгі бағыттары кеңінен сөз болды. Бүгінде еліміздің мегаполистерімен қатар, өңірлердің дамуы да қарқынды. Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласы республикалық мағызы бар қала статусын алып, Түркістанның өз алдына облыс болып шығуы қос өңірдің де дамуына серпін берді деген ойлар айтылды жиында.

Расында бүгінде Шымкент мегаполис статусын алғалы қалаға құйылатын инвестиция көлемі артып, тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. Шаһарда жаңа шағын аудандар заман талабына сай салынып жатыр.

0
0
138

«Мирас» кеңесі мүшелерінің кездесуі өтті.

Инстаграм желісінің тіклей эфирінде өткен жиынды Тахирбек Фархадович НИШАНБАЕВ жүргізді. Ол қатысушыларға Өзбек этномәдени орталығының соңғы жаңалықтары жайлы баяндады.

Тахирбек Фархадович қала тұрғындарының сүйікті – палау фестивальі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша карантиндік шаралар аяқталған соң, аталмыш іс-шара қайта жанданады.

0
0
127

Еріктілер ұйымдары арасында іс-тәжірибе алмасу

Еріктілерге көшбасшылық және жаттықтырушы қасиеттерді ілгерілету, жобалық ойлау мен функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында семинарлар мен вебинарларды көптеп өткізілуі маңызды. Жиын қатысушылары осы тақырып төңірегінде талқылау жүргізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Еріктілік мәселелеріне қатысты келіссөздер жүргізуге, жиын өткізуге қаламыздағы коворкинг орталықтары жұмыс жасайды. Жастардың айтуынша енді Еріктілер қозғалысының арнайы мобильді қосымшасы болса ізкілікті мақсат еткен жандардың қозғалысына қан жүгіреді. Мұндай қосымша еріктілер қозғалысын үйлестіру үшін ортақ дерекқор бола алады.

Жиын барысында жастар ұйымдарының өкілдері бірыңғай әдістемелік материалдарды бірлесе түзуге кірісуге уағдаласты.

0
0
121

Жұмыспен қамту мәселесі

Күн тәртібінде жұмыспен қамту жайлы жан-жақты талқыланды. Өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар өзара тәжірибелерімен бөлісіп, қала тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсыну жайлы пікірлерін айтты.

0
0
111

Біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру міндеті айқын

Жиында этникалық толеранттылық процестерін тереңдету және біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру міндетін іске асыруға ақпараттық кеңістіктің рөлі бойынша мәселелер талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар азаматтық келісімнің қазақстандық үлгісін одан әрі ілгерілету міндеттерін іске асыруда заманауи ақпараттық коммуникациялық құралдардың әлеуеті жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

0
0
174