Еріктілер ұйымдары арасында іс-тәжірибе алмасу
Еріктілерге көшбасшылық және жаттықтырушы қасиеттерді ілгерілету, жобалық ойлау мен функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында семинарлар мен вебинарларды көптеп өткізілуі маңызды. Жиын қатысушылары осы тақырып төңірегінде талқылау жүргізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Еріктілік мәселелеріне қатысты келіссөздер жүргізуге, жиын өткізуге қаламыздағы коворкинг орталықтары жұмыс жасайды. Жастардың айтуынша енді Еріктілер қозғалысының арнайы мобильді қосымшасы болса ізкілікті мақсат еткен жандардың қозғалысына қан жүгіреді. Мұндай қосымша еріктілер қозғалысын үйлестіру үшін ортақ дерекқор бола алады.
Жиын барысында жастар ұйымдарының өкілдері бірыңғай әдістемелік материалдарды бірлесе түзуге кірісуге уағдаласты.
