ОҚО-да ҰБТ-ның жаңа форматы таныстырылды
Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындалады. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашева айтты. Оның айтуынша, жаңа форматқа сәйкес «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді. «Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерле…