Мазмұнға өту
shymcity

shymcity

Сайтта 2016 ж. 22 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

104

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қолжетімді болмақ

Қаратау ауданына қарасты «Достық» шағынауданында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты. Мұнда көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қолжетімді болмақ. Мамандандырылған ХҚКО-дағы теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтардың уақытын үнемдеуге өте қолайлы. Еске салар болсақ, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, автокөлікті электрондық кезек талонын алған сәттен бастап бір сағат ішінде тіркеуге болады. Ал, жүргізуші куәлігін алуға теориялық және тәжірибелік емтиханды тапсыру уақытын…

0
0
327

Қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әскери комиссариатта болды. Сапар барысында мекеменің жұмысымен танысып, әскери ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қала әкімі ел егемендігін сақтаудағы әскери күштің ерекше рөлін атап өтті.

Мереке құрметіне орай қала әкімі аталған мекемеге жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мекеме қызметкерлеріне арнап «Нұртас» шағынауданы аумағынан жаңа кеңсе ғимараты салынатындығын жеткізді. Қазіргі таңда осы мақсатта 1 гектар жер бөлініп, нысанның нобайы дайындалды.

Іс-шара барысында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жауынгерлер спорттың жекпе-жек түрінен өнерін көрсетті.

shymkent.gov.kz

-1
0
300

Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаров есімі беріледі

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында дендросаябақты қоғам қайраткерінің атына беру мәселесі бірауыздан оң шешімін тапты. Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшының іскерлігімен қалада көптеген әлеуметтік құрылыстар жүріп, шағынаудандар бой түзеген. Облыс орталығында көпшіліктің көз қуанышына айналған дендросаябақ та тұғырлы тұлғаның тікелей атсалысуымен халық игілігіне берілген болатын.

shymkent.gov.kz

-1
0
540

Жаңа жылға қарсы қоныс той.

Жаңа жылға қарсы 96 Шымкент отбасысы көптен күткен тұрғын үй кілттеріне ие болды. Шымкентте пайдалануға К.Тулеметов көшесі бойынша екі көппәтерлі тұрғын үй берілді. Жаңа қоныстанушылардың ішінде – көпбалалы отбасылар мен мүгедектер, оралмандар мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Үйлер Нұрлы жол және өңірлерді 2020 дейін дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысында салынды. Тапсырыс беруші Шымкентте 2541 пәтер салған және сатып алған «Қазақстандық Ипотекалық Компаниясы» АҚ . «Сіздерді осы оқиғамен құттықтаймын! – деп ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев жаңа қоныстанушыларға салтанатты сөз сөйледі, - Бұл үйлерді мемлекет барынша төмен пайызбен және делдалдарсыз ұсынады. Ұзақмерзімді жалға ұсынылатын пәтерлерді уақыт өте келе төмен бағамен сатып алуға болады. Мемлекет осындай игі істерін ал…

-1
0
836

Шымкентте жаңа бала бақша ашылды.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу күндері Шымкентте «Қос ана» жаңа бала бақшасы есігін ашты. Мекеме жалпы саны 280 орны бар 12 топқа есептелген. Бала бақша балалар уақыттарын ыңғайлы және пайдалы өткізу үшін барлық қажеттілермен жабдықталған. Бұл жерде ойын және спорт алаңдары, би және ән сабақтары үшін арналған залдар, ас үй және асхана жабдықтары бар. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар өткізу қарастырылған. Мұндай сыйлықты Шымкент тұрғындарына белгілі оңтүстік –қазақстандық бизнесмен және меценат Серікжан Сейтжанов Тәуелсіздік күніне сыйлады.

ОҚО әкімі Жансеит Туймебаев және Шымкент қаласының әкімі Габидулла Абдрахимов жаңа балалар мекемесінің салтанатты ашылуына қатысып, кәсіпкерге алғыс сөздерін білдірді.

-1
0
458

Шыскентте жаңа жылдық шыршаның оттары жанды.

Мереке қарсаңында Шымкенттің орталық алаңында - Әл Фараби алаңында қаланың басты жаңажылдық шыршасын салтанатты түрде ашу болды.мерекелік театрландырылған көріністе жүз Аяз Ата мен жүз Қаршақыз, сонымен қатар екі жүз көңілді ертегі кейіпкерлері балалар мен ересектерге нағыз мереке сыйлады. Ұзындығы 20 метрдей болатын жасыл, сымбатты шыршаны безендіруге мыңнан астам ойыншықтар ілінді.

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыс пен қала басшылары құттықтады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңа жылға жаңа жетістіктермен кіргелі отыр. Кеше ғана Тәселсіз еліміздің 25-жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Оңтүстік халқы тәуелсіздік жылдарында еліміздің табысты жұмыстарына үлкен үлесін қосты», - деді облыс әкімі Жансеит Түймебаев.

0
0
247

Шымкент көшелерінде — үштілділік.

Шымкент көшелері мен даңғылдарының атауларымен қоса тақталар мен мен сілтемелер үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылатын болады. Алғашқы үштілді көрсеткіштерді қаланың орталық көшелерінен қазір де кездестіруге болады. Аталған қала, яғни Шымкент Қазақстандағы  көлемі жағынан үшінші мегаполис болғандықтан жыл сайын көрейе түсуде. Сондықтан осындай қадам қала тұрғындары мен қонақтарына бағытын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді.

«Қала бюджетінен осы мақсатқа жалпы 64 миллион теңге қаржы бөлінді. Тақталар тұрғын үйлерге де, жол көрсеткіштеріне де орнатылатын болады», - деп хабарлайды Шымкент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге 22 мынға тарта тақталар ілінді.

0
0
330

Шеберлер жәрмеңкесі

Шымкентте екі күн бойы «Оңтүстік шебері» жәрмеңкесі өтті. Шамамен елу шақты қолөнершілер, зергерлер, суретшілер өз жұмыстарын ұсынды. Көрермендерге теріден, матадан, қымбат және жартылай қымбат металлдардан жасалған түпнұсқа бұйымдар ұсынылды. Экспозицияның жеке бөлігі Тәуелсіздіңтің 25 жылдық мерейтойына арналды. Жәрмеңке қонақтары мен көрермендері жергілікті қолөнершілердің шығармаларын тек көріп қана қоймады, сонымен бірге ұнаған кәдесыйларын сатып ала алды. «-Халық кәсібінің өнерінде, я көзеші болсын немесе зергер болсын болсын үнемі екі міндет болады: эстетикалық – адамдардағы тамаша талғам мен сезімді тәрбиелеу, және тәжірибелік – нақты тұрмыстық қажеттіліктерге жауап беру. – деп айтады суретші Болатбек Бейсбеков. Және өз туындысында осы екі міндетті қатар алып жүретін адам – нағыз…

0
0
348

Шымкенттіктер Астанаға махаббатын білдірді

Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары астанаға арналған флешмоб өткізді. Шамамен 200 жоғары сынып оқушылары «I Love Astana» сөз тізбегін құрап сапқа тізілді. Мұнда мектеп оқушылары өз қолдарымен жасаған тәттілері мен кәдесыйларын ұсынған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жиналған қаражаттар алдағы жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне баратын аз қамтылған отбасынан шыққан 5 баланың жолына арналған.

-«Біздің міндет — білімнің берік қорымен интеллектуал ретінде ғана жас ұрпақты тәрбиелеу емес, сонымен бірге бұл өзінің Отанын жақсы көретін және оның гүлденуіне жұмыс істейтін шығармашыл, көп қырлы тұлға болуы тиіс!» - деді мектеп директоры Балкан Касимов.

Іс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау шеңберінде өткізілді.

0
0
224

Вечные ценности «Мәңгілік Ел».

15 декабря, в Шымкенте в рамках торжеств, посвященных 25-летию Независимости, прошли мероприятия, посвященные ценностям общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік Ел».

Во дворце торжеств «Туркестан» при поддержке акима Шымкента, прошел вечер симфонической музыки. Эстрадно-симфонический оркестр г. Алматы и южно-казахстанские музыканты более двух часов радовали шымкентских любителей музыки. Повсеместно в городе прошли торжественные собрания, наградили заслуженных работников, подвели итоги и наметили дальнейшие планы. Также в Шымкенте прошли последние приготовления к торжествам 16 - 17 декабря. В эти дни все пенсионеры смогут бесплатно пользоваться услугами общественного транспорта. Такой подарок горожанам преподнесла ассоциация «Южавтотранс».

0
0
374