Қалалық әскери комиссариатқа жаңа ғимарат салынады
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әскери комиссариатта болды. Сапар барысында мекеменің жұмысымен танысып, әскери ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Қала әкімі ел егемендігін сақтаудағы әскери күштің ерекше рөлін атап өтті.
Мереке құрметіне орай қала әкімі аталған мекемеге жаңа «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мекеме қызметкерлеріне арнап «Нұртас» шағынауданы аумағынан жаңа кеңсе ғимараты салынатындығын жеткізді. Қазіргі таңда осы мақсатта 1 гектар жер бөлініп, нысанның нобайы дайындалды.
Іс-шара барысында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен жауынгерлер спорттың жекпе-жек түрінен өнерін көрсетті.
shymkent.gov.kz
