Перейти к содержимому
seri.jigit

seri.jigit

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

733

жазбалар

533

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

5

Еліміздің 14 аймағында жол жабылды

Қазақстанның 14 аймағында, яғни бүкіл елде дерлік жол жабылды. Бұл жағдай қарлы боранға байланысты болып тұр.

"Видеода ТЖМ арнайы техникасы автокөліктерді, соның ішінде жүк көліктерін эвакуация жасауға көмектесуде.

Ведомствоның хабарлауынша, Ақтөбе, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы тас жолдарда техникалар үйіліп қалған", - деп жазады https://t.me/sputnikKZ

0
0
109

Елді сумен қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе

Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарының қолжетімді болуы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор екенін мәлімдеді. Фото: egemen.kz-Былтыр Жамбыл облысының диқандары су тапшылығынан қатты зардап шеккенін айтқан Президент биыл да құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті. "Арнайы құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысы әзірге ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Ал, көрші мемлекеттер су тапшылығын жою үшін нақты мақсат қойып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Ал бізде болса, су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы тек жақында ғана қабылданды. Бұл құжат тым ұзақ талқыланды. Ашығын айту керек, жағдай өте күрделі. Мысалы, еліміздегі суармалы жердің 13 пайызында ғана су үнемдеу технологиясы бар", - деді Мемлекет басшысы."Судың да сұрауы бар" дег…

0
0
213

Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Оның ойынша, бұл – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндеттерінің бірі. Алайда Президент жыл сайын жылыту маусымында сол баяғы проблемалардың қайталана беретініне тоқталды.Тоқаев мемлекеттік органдардың қателіктер мен олқылықтардан сабақ алмайтынын айтты. Соның кесірінен осы сала қазіргі мүшкіл халге жетіп отыр. Алматыдағы екінші жылу электр орталығындағы бу-газ қондырғысының құрылысы созылып кеткен."Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің энергоблогын қалпына келтіре алмай жүргенімізге он жылдан асты (2012 жылдан бері). Сондай-ақ Екібастұздағы екінші ГРЭС-ті кеңейту және күрделі жөндеу жобасы уақтылы жүзеге асырылмай жатыр. Үкімет, ең алдымен,…

0
0
160

Мемлекет басшысы салық жүйесін толық цифрландыру қажеттігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің салық және бюджет жүйесін түбегейлі реформалау қажеттігін атап өтті. Соның ішінде салық жүйесін толық цифрландыру қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысының ойынша, бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. "Мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар. Олардың көбі кеңінен қолданылмайды. 2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын. Жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің…

0
0
167

Президент әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Президент әкімшілігінің басшысы болып Айбек Дәдебаев тағайындалды.

"Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Осыған дейін бұл қызметті бүгін Премьер-министр болған Олжас Бектенов атқарған еді.

Ал Дәдебаев бұған дейін 2022 жылғы қарашадан бастап Президенттің іс басқарушысы болды.

0
0
220

Мәжіліс төрағасы коронавирусқа шалдығыпты

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов короновируспен ауырып жатыр екен.

Бүгін Қошанов Президент қатысқан Мәжілістің жалпы отырысында болмаған еді. Осындай маңызды жиынға білдей төрағаның келмей қалуы сұрақ тудырары хақ. Сөйтсек, ол коронавирус дертіне шалдығыпты.

Мұны "ҚазАқпарат" тілшісіне Мәжілістің баспасөз қызметіндегілер растаған.

0
0
150

Ескі үкіметтегілер түгел өз орындарында қала ма?

Премьер-министр тағайындалғаннан кейін оның орынбасарлары мен министрлерді де тағайындау басталып кетті. Және қазірден бастап өз орындарында қалып жатқандар бар.Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.Яғни олардың бәрі осыған дейінгі атқарып…

0
0
178

Президент үкіметтің жаңа қарқынмен жұмыс істеуі қажеттігін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанды озық елге айналдыру қажеттігін айтып, бұл жай ұран емес, нақты жоспар екенін атап өтті."Бізге керегі – дамудың сара жолы. Сондықтан түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Ең бастысы, біздің барлық іс-әрекетіміз «Әділетті Қазақстан» құру қағидатына сай болуға тиіс. Алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек, яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдағы міндеттерді қайта қарау қажет. Түптеп келгенде, мемлекет енді үздіксіз қолдау шараларынан нағыз сапалы дамуға қолғабыс ету ісіне түбегейлі көшуі керек. Бұл…

0
0
167

Жаңа Премьер-министр үкіметтің батыл қадамдарға баратынын мәлімдеді

Бүгін тағайындалған Үкімет басшысы Олжас Бектенов отандық өнімді қолдауға ерекше мән беретінін айтты.Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр Президенттің жүктеген жоғары сенімін ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.«Менің кандидатурамды қолдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда бірқатар ауқымды тапсырма берді. Аталған тапсырмалардың барлығы мүлтіксіз орындалады. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер дәуірінде зор экономикалық серпіліс жасауымыз керек. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында үкімет батыл әрі тиімді қадамдар жасайды», — деді ол. Оның айтуынша, өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беріледі.«Мұнай-газ және көмір химиясы, металды терең өңдеу, мащина жасау, а…

0
0
133

Жайдарманшы оқушылар мінген шағын автобус жол апатына ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. 

Бір адам қайтыс болып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі бала. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Оның екеуі бала. 

Қалған алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Олар Көкшетау қаласында өткен Жайдарман ойындарынан кейін жолға шыққан. 

Полицейлердің мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын, деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

 Qazaqstan телеарнасы

0
0
233