Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында екінші айыпталушы, экс-министрдің немере інісі, қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры Бақытжан Байжановтың сөзі тыңдалып, одан жауап алынды.

Қазақстанның ең жас экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі туған күні оның есінен кетпестей болғандай.
Немере інісі сотта Бишімбаевтың жедел жәрдем шақыруға тыйым салғанын мәлімдеді.
Бишімбаевтың жедел жәрдем шақыру керек деп өзі айтқаны және Салтанат Нүкеноваға өлім тілемегені туралы сөздері бүгін жайына қалды.
Бақытжан Байжановтың мына мәлімдемесі көп нәрсені өзгертейін деп тұр.
Оның осы айтқандары Бишімбаевтың өкілдерін ашуландырғаны сонша, олардың бірі – экс-министрдің әлде адвокаты, әлде анасы Байжановқа «ұятсыз» деп салды.
https://t.me/patriot_patriot