Ұйқыдан ояна салысымен, айнаға қарағанда шашыңыз ұйпа-тұйпа болып, көңіл-күйіңізді жабырқата ма? Табиғи өңі өзгерген шашыңыз жылтырамай, саулығына зақым келген болса, кәдеге жарайтын мағлұматтарды қағаз бетіне түртіп алып, ой түйіңіз.
1. «Шашым-сәнім». Шашыңызды аптасына екі рет арнайы сусабынмен жуған соң, тері астындағы шашты қоректендіріп отыру үшін бальзам, майларды қолдануыңызға әбден болады. Сусабыныңызды екі айда бір рет ауыстырып тұрғаныңыз абзал.
2. Шаш бұрымын тарақтың көмегімен түбінен көтере кептіріп, фенді 10 сантиметрден кем тақатпаған жөн.
3. Қолаң шашты болсаңыз, ұшынан бастап тарай бастаңыз.
4. Шаштың ұшын екі айда қысқартып отыруды әдетке айналдыру керек.
5. Жылтырлығын орнына келтіру үшін мынадай масканы қолдануға кеңес береміз:
Екі ас қасық түйеошаған майы (репейное масло) мен жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 30 минуттай ұстаңыз. Аптасына екі рет осы масканы қолдансаңыз, бір-екі айдан кейін нәтижесіне көз жеткізесіз. Мөлшерді шаштың ұзындығына байланысты қолданасыздар.
6. Ал, шашыңыз түсіп қалған жағдайда, сарымсақ, пияз, бұрыш, қызыл бұрыштың сұйықтықтарын пайдаланыңыз.
Шашыңызға күнделікті күтім жасау өзіңізге байланысты.
Салтанат Сүгір