Мазмұнға өту
poetry

Dauren Kubeyev

@poetry

Сайтта 2009 ж. 8 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

16

пікірлер

16

тіркелуші

15

жазылымдар

7

Алғыс білдіру

Ювижнның бірінші бетіне шығып, бетке ұстарлар қатарында өзімнің жеке шығармаммен орын алу мен үшін үлкен жетістік деп білемін. Өзіме ризамын десем жалған айтқаным болар, оқырмандарға ризамын деу мен үшін парыз сияқты. Құрметті қазақ тілді оқырман, менің жеке шығармашылығыма көңіл бөліп, өлең-жырларымды ұнатып, бағалап, бетке ұстарлар қатарына қосылуға ықпал еткендеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Рахмет, оқырман!

0
2
4421

Нүкте қойма бірге жазған дастанға

Нүкте қойма бірге жазған дастанға,
Мен сыйлаған махаббаттан жасқанба.
Қолда бардың қадіріне көз салып,
Бір жүрейік күн көкжиек асқанда.

«Сүйемін деп жазып қоям аспанға»

Біздің сезім кинодағы әсем ән,
Біздің сезім туған көздің жасынан.
Біздің сезім жүректердің қос үні,
Мұхит сынды толқындары тасыған.

«Сүйем деші, қайталашы басынан»

Саған теңеп аспандағы Ай-Күнді,
Жасыра алман көңлімдегі қайғымды.
Бұл дастанның соңын бірге жазайық,
Әлем сенсіз ажарынан айрылды.

Daure6 (c)

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!
Қабағыма қар түскендей күлмедім.
Қарауытып кетті менің көздерім,
Қуанышын бөлісе алмай өзгенің,
Қайран көңіл бір нәрсені іздедің?!

Үзген гүлдей солыңқырап қалдың ба?!
Еритіні бар емес пе қардың да?!
Бүгінгі күн кешегіден тамаша,
Неге көңіл күрең күздей - қараша?!
Талай шаттық күтіп тұр ғой алдыңда!

Сезім-толқын жағалауын тебеді,
Не екен ол - көңілімнің керегі?
Қанша тағдыр қинаса да жаныңды,
Қайта сергіп тулатады қаныңды,
Жайқалтады көңіліңнің терегін!

Көтер басты, күңгірт күнде мұңайма,
Жап-жас терек жел соққанға құлай ма?!
Кемшілігін теріп күллі жаһанның,
Мұңға батып, тығырыққа тақалдың,
Мұндай күй-жай жаратқанға ұнай ма?!

Daure6 (c)

0
7
1255

Қар... Ыстық... Өмір...

Терезенің ар жағында қар жапалақтап жауып жатыр. Дала температурасы нольдің шамасында...

Ішкі дүнием суыққа толыпты... Тер болып ағып жатыр... Температура өлшеуіш қырық градус шамасын көрсетуде... Компьютерім қосылып тұр... Ойнап жатқан әуен де қайғылы... "Сәт" триосының "Көнбегенде қайтеміз..." әні...

Ішім жанып бара жатыр... Басым мең-зең... Басыңды жастықтан көтере алмай жатқан кезде ғана өмірге деген сүйіспеншілігің артады екен, шіркін... Алғашында буындарым қақсап, денем екі күн бойы түршіккенде, теледидардан небір аурулар жайлы естіп жатқанда, жаныңды шүберекке түйеді екенсің... "Құдай сақтасын" деп қорқынышты ары ысырып, күнделікті күйбелеңді сағынады екенсің...

Бұдан былай сау кезімде өмірдің осыншама тәтті екенін ұмытпайын деп тілеймін...

0
5
603

Ғашық жанның хатынан

Жаңбырлы түнде келесің қарап аспанға,
Көзіңде неге мұң тұнды, жаным, неліктен?!
Бетіңнен сүйген тамшыдан салқын жасқанба,
Мен деп біл оны мас болған сендік көріктен.

Құшаққа алып аймалап жүрмін айнала,
Көрмейсің мені адасқан сен деп есінен.
Шашыңнан сенің сипайтын барып жай ғана,
Жел болып соғып, самал боп мәңгі есілем.

Серуендеп жүрген жолыңа жарық түсіріп,
Жұлдыздар жағып нұрлы бейнеңді көрем де,
Қалаған сәтте жарықты бір сәт өшіріп,
Ай болам, жаным, ай болам түнде төбеңде.

Оянған сәтте ұйқыңнан тәтті, аяулым,
Өзіңнен сұлу, өзіңнен көркем болмайды-ау.
Таң шапағыменен алтынға, шіркін, бояулы,
Күн болып, жаным, күн болып сүйем маңдайдан.

Daure6 (c)

0
2
555