Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ең маңызды әріп

Сегізінші сынып. Геометрия сабағы.
Мұғаліміміздің ылғи қолы тимейтін - өз сабағына практиканттарды жіберетін. Ал, сол күндердің бірі.
Келді. Анау-мынау. Сабақты түсіндіре бастады.
Бұрыштармен байланысты бір тақырып болған-ды, нақтысы есімде жоқ.
Терминатор ағай (деп атайтынбыз :) ) бір бұрышты сызып:
- Бұның аты "Ң" болсын,- деді. "Ө" атты бұрыштар ғой! Неге барлығын қазақшаландырмасқа?

***

Өткен аптада бір ой келді маған. Әліпбиіміздің қай әрпі ең маңызды? Сол кезде миыма дереу "Ң" деп келді. Неге екенін білмеймін. Бірақ есіме алғаш келетін әріп осы. Сол-ақ әріппен диктант жазғанда проблемаларым болатын. Қазір енді көбірек түсіне бастадым оны. Ілік септігінде, және осы шақтың(мінеки, ілік септік!) екінші жақ анайы түрінде (сен барасың; қалайсың?; және т.б.) қолданылады. Айтылуы да қызық - мұрынның көмегімен шығады. Ұзын сөздің қысқасы - маған ұнайды өзі.

***

Басқа тілдерге келгенде, орыс тілінің ең маңыздысы "ё", испаншаның "ñ", алманшаның "ß" деп білемін. Сол.

 
2
3
710

Осы тақырып бойынша