«NUR OTAN» партиясының кандидаттары Торайғыров университетінің студенттерімен кездесті
«NUR OTAN» партиясының кандидаттары Санира Жусупова мен Қымбат Матай Торайғыров университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Алдымен кандидаттар туралы аздап айтайық. Қымбат Матай – логопед, кәдімгі жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейді, әрқашан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғайды. Санира Жусупова – «Jas Otan» жастар қанатының лидері және жас ана. Торайғыров университетінде өткен кездесуде Санира Жусупова мен Қымбат Матай студенттермен және оқытушылармен партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, жастарды қолдау шаралары, білім беру, денсаулық сақтау сапасын жақсарту және барлық павлодарлықтар үшін тең мүмкіндіктер жасау жайында әңгімелесті. Бүгінде білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету – «NUR OTA…