Нұротандықтар Мойылды ауылының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді
Нұротандықтар Мойылды ауылының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді. Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Виктор Пряхин аға буынды қолдау шаралары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта құру және бұқаралық спортты дамыту туралы айтып берді. - «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында еліміз бойынша 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысаны ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделуде. Жаңа оңалту орталықтары ашылады. Мүгедектігі бар адамдарға жұмысқа орналасуды жеңілдету үшін «Кәсіптер атласы» әзірленді, - деп атап өтті Виктор Пряхин. Депутаттыққа кандидат 2025 жылға қарай балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының санының артатынын, ұлттық спорт түрлерін дамытуға көбірек көңіл бөлінетінін, Павлодарда екі жаңа спорт кешені мен заманауи жеңіл атлетика м…