Нұротандықтар «Гофротара» зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді
Нұротандықтар «Гофротара» зауытының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Депутаттыққа кандидат, Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Бекмұрзаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басымдықты атап өтті. Әңгіме Павлодарды экономикалық тұрақты, жайлы, әлеуметтік-бағдарланған және қауіпсіз ету мақсаты болып табылатын қалалық бағдарлама туралы болды. Бауыржан Бекмұрзаев – кәсіпкер, «SanTehPlast» ЖШС басқарады. Олар Гофротара зауытымен бұрыннан қызметтес. Депутаттыққа кандидаттар Владислав Еленич пен Елена Яровенко білім беру саласына қатысты мәселелерге тоқталды. Және бұл таңқаларлық жағдай емес. Владислав Александрович ұзақ уақыт орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеді, қазір №29 мектеп директоры қызметін атқарады. Елена Яровенко – екі балалы ана және жеке балабақшаның негізін қалаушы.
Владислав Еленич «Nur Otan» партиясы Павлодарда бес жаңа мектеп пен төрт балабақша салуға қол жеткізетінін айтты. Ол партияның барлық балалар үшін тең жағдай жасауға бағытталғанын еске салды. Сондықтан алдағы бес жылда инклюзивті білім беру жүйесімен қамтылған оқу орындарының саны еселеп артады. Елена Яровенко енді оқушылар туралы емес, кішкентай балалар туралы сөз қозғады: ол онлайн-кездесу қатысушыларына мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін жасалатын жағдайлар жайлы айтып берді. депутаттыққа кандидат Сандуғаш Қалижанованың сенімді өкілі Анар Шарафиева – экология мәселелеріне тоқталды. Нұргүл Айғожина жастар мен бизнесті қолдау туралы айтып берді. - Талапкерлерге арналған гранттар саны екі есе және студенттер мен магистранттарға арналған стипендиялар мөлшері артады. Жоғары оқу орындары мен колледждердің бағдарламаларына жаңа пәндер қосылады: біздің балаларымыз кәсіпкерлік және экологиялық тәрбие негіздеріне оқытылатын болады. Менің ойымша, бұл өте маңызды, - деп атап өтті депутаттыққа кандидат.
Нуротановцы провели встречу с работниками завода «Гофротара». Кандидат в депутаты, член Комиссии партийного контроля Бауржан Бекмурзаев озвучил семь приоритетов, обозначенных в предвыборной программе партии «Nur Otan». Речь шла именно о городской программе, цель которой сделать Павлодар экономически устойчивым, комфортным, социально-ориентированным и более безопасным.
Бауржан Бекмурзаев – предприниматель, возглавляет ТОО «SanTehPlast». С заводом «Гофротара» они давно сотрудничают.
Кандидаты в депутаты Владислав Еленич и Елена Яровенко остановились на вопросах, касающихся сферы образования. И это неудивительно. Владислав Александрович долгое время работал преподавателем русского языка и литературы, сейчас занимает должность директора школы №29. Елена Яровенко – мама двоих детей и основатель частного детского сада. Владислав Еленич рассказал, что партия «Nur Otan» будет добиваться строительства в Павлодаре пяти новых школ и четырех детских садов. Он напомнил: партия ориентирована на создание равных условий для всех детей. Поэтому в ближайшие пять лет в разы увеличится число учебных заведений, охваченных системой инклюзивного образования.
Елена Яровенко рассказывала уже не о школьниках, а о детях помладше: участникам онлайн-встречи она сообщила, что будет сделано для системы дошкольного образования.
Анар Шарафиева - доверенное лицо кандидата в депутаты Сандугаш Калижановой – остановилась на вопросах экологии. Нургуль Айгожина рассказала о поддержке молодежи и бизнеса. - Вдвое будет увеличено количество грантов для абитуриентов, увеличится размер стипендий для студентов и магистрантов. В программы вузов и колледжей добавят новые предметы: наших детей будут обучать основам предпринимательства и экологического воспитания. Я думаю, это важно, - отметила кандидат в депутаты.
