Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы «ҚЭЗ» қызметкерлеріне кандидат С. Жусупова айтып берді
Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы «Қазақстан электролиз зауыты» қызметкерлеріне Павлодар қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жусупова айтып берді.
Ол жұмыссыздық деңгейін төмендету, медициналық қызмет көрсету сапасын және экологиялық жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар қолданылатынын түсіндірді. Жастар үшін жасалатын жағдайларға егжей-тегжейлі тоқталды.
- Мен жастар саясаты саласында он жылдан астам жұмыс істеп келемін. Зауыт жастарымен де жұмыс жүргізіп жатырмыз. Партиялық жобалар, жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар туралы айтып отырмыз, - деді Санира Жусупова. - Сіздерді 10 қаңтарда азаматтық позицияңызды көрсетуге, сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын. Партиямыздың жұмысымен таныссыздар және «NUR OTAN» - нақты істер партиясы екенін білесіздер.
Естеріңізге сала кетейік, «NUR OTAN» партиясы Павлодар қаласын дамытудың алдағы бес жылға арналған жеке бағдарламасын әзірледі. Бұл облыс орталығын экономикалық тұрғыдан тұрақты және өмір сүру үшін қолайлы етуге бағытталған шаралардың тұтас кешені.
О предвыборной программе партии работникам «Казахстанского электролизного завода» рассказала кандидат в депутаты павлодарского городского маслихата Санира Жусупова.
Она объяснила, какие именно меры будут приняты для снижения уровня безработицы, улучшения качества медицинского обслуживания и улучшения экологической обстановки. Подробно рассказала, что будет сделано для молодежи.
- Я больше десяти лет работаю в сфере молодежной политики. С заводской молодежью мы тоже проводим работу. Рассказываем о партийных проектах, программах, направленных на поддержку молодежи, - обратилась к участникам встречи Санира Жусупова. – Призываю вас 10 января проявить свою гражданскую позицию, прийти на выборы и проголосовать. С работой нашей партии вы знакомы, и знаете что «NUR OTAN» - партия реальных дел.
Напомним, партией «NUR OTAN» разработана отдельная программа развития города Павлодара на ближайшие пять лет. Это целый комплекс мер, направленных на то, чтобы сделать областной центр более экономически устойчивым и комфортным для жизни.
