Мазмұнға өту
parmantai_s

parmantai_s

Сайтта 2017 ж. 2 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Мен өмірімде нені өзгерткім келеді?

Уақыт. Уақыт деген бір тоқтамайды ғой шіркін. Уақытты өзен деп, ал адамды сол өзендегі қайық деп алсақ. Өзен ағысы жайменен алға жылжытып, өз ағысымен кемені алып кете береді екен. Және артқа қарай мүлде қайырылмайды екен. Кеше ғана асыл анамның қасынан шықпай еркелеп, әкемнің құлыншағым деген бір ауыз сөзінен бақыт тауып, шат-шадыман жүрген бүлдіршін едім. Бүгінде бой жетіп, ақыл толысып, жылы ұямнан ұшып шыққан құстың баласындай үйден жырақта жүрмін. Қанатым қатайып, еркін самғауды да меңгеріп қалдым десем болады. Иеленгім келген мамандықты шыңдап жүрмін, мақсатым асыл жар, аяулы ана атану. Менің өмірімде өзгерткім келетін жағдайлар жоқтың қасы десем де болады. Барға қанағат, жоққа сабыр. Бастысы – он екі мүшем сау, қарыным тоқ, киімім жылы. Кейбіреулер армандап жүретін жоғарғы оқу орны…

0
0
5798

Қыздардың шаш үлгісі не болып барады?

1) Сіз шаштараздық жолына өз қалауыңызбен түстіңіз бе әлде, пайда жолын іздедіңіз бе? -Қазір ХХІ ғасыр – білімділер мен ақылдылардың заманы. Пайданың көзін таба білсең, ақылды бола бісең жоқтан бар жасауға болады. Мен өзім 9-сыныпты бітіре салысымен шаштараз оқуына түстім. Бұл жолға келуіме айналамдағылардың ықпалы және үлкендердің ақылымен, қазіргі кездегі айналамда болып жатқан жағдайларға қарап шешім қабылдауым себеп болды. Бір шетінен, бала күнімнен өзіме шаш үлгісін өзім қойдырып, шаш сәндеу, қысқарту секілді дүниелерге үлкен мән беретінмін. Мені шаштараздық жолға өзімнің талпынысым мен қызығушылығым алып келді деп айтуыма болады. 2) Таңдаған мамандығыңыз қазіргі таңда өз қажеттіліктеріңізді толықтай өтейді ме? -Әрине. Қазіргі таңда үкімет жұмысына қарағанда жеке кәсіпкерлер мен жұмы…

0
0
710

Мектеп кезінен аз ғана естелік. ХХІ ғасыр көшбасшысы. Шымкент қаласы. Дендро саябағы.

Білімділер қашан да сыналады демекші, мектеп кезінде аудандық, қалалық жарыстарға барып, бірінде жеңілсем, кейбірінде мәрелі орындарды алып жүрдім. Солардың ішінде естен кетпестей қызық әрі, естеліктерімен қалған бір сәтіммен бөліссем...

1
0
1173

«Достық» оқу орталығы

Жылда 240-250-ге тарта оқушының 90 пайызын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары дәрежеде өтуіне септігін тигізіп, талай бүлдіршінді армандаған жоғарғы оқу орындарына жетелеп отырған «Достық» оқу орталығының басты мақсаты өзгерген жоқ. Білім көрсеткіш дәрежесінің арта түсуіне барынша күш салуда. «Достық» оқу орталығы – мектеп оқушыларының білімін арттыруға, балаларды түрлі тестілеулер мен лицейлерге дайындауға арналған орталық. Тек білім сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың – жастарымыздың ұлттық сана- сезімін оятып, тәрбиелеуді де басты орынға қоятын орталығымыз - бүгінгі күнде білім сапасын арттыруда оқу-жетілдіру, білім арттыру орталықтарынан көш алды ілгері келе жатқан беделді орталықтардың бірі. Қазіргі кезде Қазақстанның әр қалаларында «Достық» оқу орталығының 18 фили…

1
0
3725