ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қыздардың шаш үлгісі не болып барады?

1)    Сіз шаштараздық жолына өз қалауыңызбен түстіңіз бе әлде, пайда жолын іздедіңіз бе?

-Қазір ХХІ ғасыр – білімділер мен ақылдылардың заманы. Пайданың көзін таба білсең, ақылды бола бісең жоқтан бар жасауға болады. Мен өзім 9-сыныпты бітіре салысымен шаштараз оқуына түстім. Бұл жолға келуіме айналамдағылардың ықпалы және үлкендердің ақылымен, қазіргі кездегі айналамда болып жатқан жағдайларға қарап шешім қабылдауым себеп болды. Бір шетінен, бала күнімнен өзіме шаш үлгісін өзім қойдырып, шаш сәндеу, қысқарту секілді дүниелерге үлкен мән беретінмін. Мені шаштараздық жолға өзімнің талпынысым мен қызығушылығым алып келді деп айтуыма болады.

2)    Таңдаған мамандығыңыз қазіргі таңда өз қажеттіліктеріңізді толықтай өтейді ме?

-Әрине. Қазіргі таңда үкімет жұмысына қарағанда жеке кәсіпкерлер мен жұмысшылардың табысы ұтымдырақ болатындығы бәрімізге аян. Мысалы, сот қызметкерлерінің ең төменгі жалақылары 25 мыңнан басталатын болса, жай ғана кафеде, шаштаразда, және осы сияқты кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындардың жалақысы 70 мыңнан, кемінде 50 мыңнан басталады. Ауылдағы ата-әжелердің «Шаштараздар ақшаны күреп табады» - деген сөзі бар ғой.  Бизнестің, кәсіпкерліктің көзін таба білу де өнер. Бастысы өз жұмысымның жемісін көріп отырмын.

3)    Өзіңізге мәлім, қазіргі таңда қыздарымыз бен ұлдармыз небір құйтырқы шаш үлгілерін қойдыртып жатады. Соларға деген сіздің көзқарасыңыз?

-Ия, қазір көбіне қыздар шаштарының екі шетін тықырлап алдыртып, құр төбесін қалдырып, болмаса, ұл баланың шаш үлгісіндей қалыпта шаштарын қысқартқызып, кейбіреулері қызыл, жасыл, көк, күлгін секілді көңілге қойымсыз түстерге боятып жатады. Ұлдардың да қораздың айдарына құсатып төбе шаш қойдыртып, болмаса қыз секілді өсіріп, әр түрлі  шаш үлгісін жасап жүретіндері тадылады. Мен негізінен бұларды құпатамаймын. Ертеде қыз баланың шашын қырқтырмай өсірген. Тізеге дейін түсіре өсіріп, шаштарына шашбау таққызған. Ал, қазір заман басқа, адам басқа. Дегенмен әркімнің өз қалауы, өз санасы бар болғандықтан, оларды сөгуге де болмайды. Маған ондай тапсырыстар негізінен жиі келеді. Жұмысың болған соң әркімнің өз қалауымен жасап беруге тура келеді.

4)    Бүгінгі күнде екінің бірі- шаштараз, аяғыңды аттасаң сұлулық салонына кезігесің. Өзіңізге бәсекелестік көп деп ойламайсыз ба?

-Бәсекелестік өте көп. Көбісі ақша табудың оңай жолы деп қараса, кейбіреулер қолына кішкене қаржы түссе, құр отырғанша бір кәсіп ашып алайын деп, немесе өз қызығушылығымен сұлулық салонын ашып жатады. Бірақ бәрі маманның қарым-қабілеті мен шеберлігіне қатысты. Егер өз жұмысын жақсы істеп, өз қабылдауындағылардың көңілінен шығып отырса кәсібі алға жүреді.

5)    Өз ойыңызбен бөлісіп, сұхбат бергеніңізге көп рахмет! Кәсібіңіз алға жылжып, тасыңыз өрге домалай берсін.