Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Күнгейдегі мегаполисте 240-тан астам көше жөндеуден өткізілді

Биыл Шымкентте жолдарды жақсы және қанағаттанарлық жағдайға келтіруді 71,2 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта ірі жолайырықтардан бөлек, жол жамылғысы тозған, магистралды және ішкі көшелерді жөндеуге басымдық берілген.2023 жылы шаһарда 245 орталық магистраль және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда соның 241 көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, орталықта жол жамылғысы тозған магистралды 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтетін болса, оның бірқатарында құрылыс аяқталды. Олар – Уәлиханов, Гагарин, Дулати, Қонаев, Тәуке хан, Қазыбек би, Желтоқсан, Назарбеков, Аймауытов, Қабанбай батыр, Анаров, Жансүгіров, Абай, Алпысбаев, Орынбаев көшелері.Құрылысы қызу жүріп жатқан нысанның бірі – қаланы…

0
0
192

«Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында шымкенттіктердің өтініш-тілектері тыңдалды

Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасы кеше Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты.Жоба аясында қала әкімдігі тарапынан әртүрлі сала өкілдерінен құрылған арнайы топ Сәуле ықшамауданы №76 мектепте қоғамдық қабылдау өткізді.Арнайы топтың құрамында қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары, полиция мен прократура өкілдері, дін, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары бар. Ықшамаудан тұрғындары мамандардың қабылдауында болып, толғандарған мәселесін жеткізді.«Бүгінгі қоғамдық қабылдауға Забадам ықшамауданындағы 5 көшеге бейнебақылау камерасын орнатып беру мәселесімен келдім. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аудан әкімдігі мен аудандық Полиция басқармасына өтінім берген едік. Өтінішіміз қолдау тапқанын есіт…

0
0
145

Күнгейдегі мегаполисті цифрландыру жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр

Шымкент қаласында қазір байланыс операторларының 1200-ден аса базалық станциясы бар. Оның басым бөлігі Kcell мобильді операторына тиесілі.Заман талабына сай интернет жылдамдығын асыру мақсатында биыл 126 орынға 5G технологиясы негізінде базалық станция орнатылғанын, солардың бірі Ж.Шанин атындағы театр ғимаратының шатырына қойылғанын бұған дейін хабарлағанбыз.Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов театр шатырындағы базалық станциының осы өнер ордасы маңындағы 1 шақырым аумақты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитынын жеткізді. Оның айтуынша, 4G технологиясымен таралатын интернет жылдамдығы секундына 10 Мбит-тен жоғары болса, қазіргі озық технологиядағы станцияда 100-200 Мбит аралығында болады.«Бүгінде тұрғындар интернет жылдамдығы төмендегені жайында жиі шағым а…

0
0
158

Шымкенттік жас боксшы әлем чемпионы атанды

Армения астанасы – Ереванда бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті.Байрақты бәсекеде шымкенттік спортшы Нұрасыл Төлебек алтын медальға қол жеткізді. Ол 54 келі салмақта бақ сынап, тұғыры биік жеңіс жолында 4 қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Нұрасылдың финалда үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасқанын айта кеткен жөн. Бұл жекпе-жектің қорытынды есебі қазақстандық спортшының пайдасына 4:1 болды.Әлем чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек — Шымкент қаласы Бокс клубының шәкірті. Оны осы клубтың бапкері Думан Байтелиев жаттықтырады.Айта кетейік, 58 мемлекеттен 357 былғары қолғап шебері қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласынан 3 спортшы ел намысын қорғады.Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты кеше, яғни 4…

0
0
198

Туризмді мұнай мен газдан кейінгі табыс көзіне айналдыруға болады

Күнгейдегі мегаполисте туризмді дамытуға қатысты бірнеше инвестициялық жоба іске асырылмақ.Шымкентте ішкі туризмді дамыту және бұл бағытта инвестициялық жобаларға мемлекеттен қолдау көрсету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.2023-2024 жылдары инвестиция жағын айтатын болсақ, 8 миллиард теңге болатын 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Туристерге сапалы қызмет көрсететін «Diamond Hotel», «Kazakh Hotel», «Shymkent Park Hotel», «Zhamal Hotel Shymkent» сияқты қонақ үйлер іске қосылса, 203 жаңа жұмыс орны да ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ сакралды туризмді дамытуда келесі жылы Сайрам тұрғын алабын, Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін дамыту тұжырымдамасы әзірленуде.Туризмді дамытудағы басты талаптардың бірі – көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Биыл Қостанай, Павлодар, Атыра…

0
0
213

Шымкентте сенімгерлік басқаруға берілген мекемелердің жұмыс сапасы тексерілді

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сенімгерлік басқаруға берілген медициналық ұйымдарға арнайы барып, қызметін тексерді.Шаһар басшысы алдымен 2021 жылы «АУХАЛ» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына өткен қалалық №2 емхананың материалдық жабдықталуындағы өзекті мәселелерді қарастырды.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазір 400-ге жуық адам жұмыс iстейдi. Олардың арасында 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер бар.Тиісті қаражат бөлінбегендіктен, бүгінде медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы төмендеп, қондырғылардың тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл келеңсіздіктер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететіні белгілі. Осыны ескерген қала басшысы ж…

0
0
141

Күнгейдегі мегаполис түнде де жарқырай түсуде

Шымкент қаласында жарықтандырылған көшелер саны артып жатыр.Шаһар аудандарының аумақтарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Биыл Абай ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 16 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал келер жылы 176 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.Әл-Фараби ауданы аумағында 14 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 8 көшеде (Әбдіразақов, Тыныбаев көшесі, Бөгет көшесі, 16 шағынаудан ішкі орам көшесі, Мәметов көшесі аумақтары) жұмыстар аяқталды. Қалған 6 көшеде жарықтандыру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.Тұран ауданында 22 көшені жарықтандыру жоспарға енгізіліп, қазіргі уақытта 13 көшеге жарықшамдар орнатылды. Атап айтқанда, Әбдірайы…

0
0
176

Шымкентте жоғары технологиялық медициналық көмек дамып жатыр

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жоғары технологиялық медициналық көмек қарқын алды.Жалпы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі 2020 жылдан бастап енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Осы жүйе енгізілгеннен бері медицина саласында айтарлықтай артықшылықтар сезіле бастады. Атап айтқанда, медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті.Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді.«2019 жылмен салыстырғанда 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 169 039,2 теңгеден 455 410 теңгеге, орта буын медициналық қызметкерлерінің жалақысы 111 967,4 теңгеден 245 063,05 теңгеге өсті», – деді ол.Жоғары технологиялық медициналық көмек (ЖТМК) қарқын алды.- Ми қан тамырларының күр…

0
0
225

Тұрғындарға емхананы өзі таңдау еркі берілуінің биылғы нәтижелері айтылды

Шымкентте емхананы еркін таңдау барысында миллионнан астам тұрғын 61 емханаға тіркелген.Биылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында республика бойынша жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны өткізілді. Оның аясында әрбір қазақстандық және ел аумағында тұратын шетелдік азаматтар емхананы өз бетінше таңдау құқығын пайдалана алады.Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында хабарлады.«Шымкент қалалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сәйкес, емхананы еркін таңдау барысында 1 192 939 тұлға 61 емханаға тіркелген», – деді Бақытжан Абдуллаев.Есепті кезеңнің басында бекітілген халық саны 165 185 тұлғаны құраса, «еркін таңдау» арқылы 9 783, «көшу» себебі бойынша 2 914,…

0
0
210

Шымкентте су басу қаупі бар аумақтарға тікұшақпен бақылау жүргізілді

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге Шымкент қаласының су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 тікұшағымен ұшу барысында Бадам өзенінің бойында орналасқан Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері, Текесу, Бадам, Тоғыс су қоймалары, жоғары Бадам су реттегіші және Сайрам-су өзенін барлау жұмыстары жүргізілді.Аэровизуалды мониторинг кезінде 6 гидротехникалық құрылыс зерделенді. Сонымен қатар, 2 өзеннің су ағысына шолу жасалды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жол картасындағы 9 і…

0
0
192