Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Елімізде ресейлік телеарналардың көрсетілуі жаппай тоқтатылып жатыр

Жерсеріктік және интернет-телевизияның отандық операторы TVCOM хабар тарату торабынан ресейлік бірнеше телеарнаны алып тастағанын хабарлады. Олардың арасында «Первый канал» да бар.

TVCOM таратқан хабарлама бойынша, «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель», «Бобер», «О!» телеарналарының Қазақстандағы трансляциясы тоқтатылған.

Отандық оператор өкілдері компанияның ақпараттық нарративтері (көзқарас) бар шетелдік телеарналардың үлесін ақарындап азайтуды жоспарлап отырғанын айтады.

Ал «Первый канал. Всемирная сеть» АҚ өкілінің «Власть» басылымына айтқан сөзіне қарағанда, хабар таратуды тоқтатудың себебі басқада, яғни бұл TVCOM-ның қарысдарына байланысты екен.

https://t.me/RadioAzattyq/

0
0
210

Павлодар облысында құтқарушылар мінген автобус опырылған шұңқырға түсіп кетті

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында топырақ опырылды. Салдарынан ішінде 4 жолаушы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кетті.

Қазір опырылған жердің тереңдігі — 150 метр, ұзындығы — 150-200 метр, ені — жарты шақырым деп шамаланып отыр. Апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Автобус жер астына 4 қаңтар түнгі сағат 01:25 шамасында құлаған.

Оның ішінде құтқарушылар мен жүргізуші болды.

Жедел штаб құрылып, оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы жүр.

Психологтар жұмыс істеуде.

Құтқару жұмысына 40-тан астам адам, 13 техника және дрон жұмылдырылған.

https://kaz.inform.kz/

0
0
270

Тоқаевтың өкілеттік мерзімі өзгере ме?

Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттік мерзіміне қатысты жағдайды түсіндірді. Ол қазіргі мемлекет басшысының қайта сайланатыны туралы болжамның негізсіз екенін айтты.Кеше бірқатар шетелдік ақпарат құралдары Тоқаевтың президенттік өкілеттігі 2026 жылы аяқталып, ары қарай да сайлану үшін референдум өткізіледі-міс деген әңгіме тараған болатын.«Біздегі шынайы жағдайдан хабары жоқ кейбір журналистер арасында түсінбестік болған сияқты. Негізі, мемлекет басшысы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында 2026 жылы Конституцияны өзгертіп, келесі сайлауға қатысу мақсатында референдум өткізуге дайындық жүріп жатыр-мыс деген әңгімені теріске шығарды. Президенттің 2022 жылы қарашада жеті жыл мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес оның өкілеттіг…

0
0
203

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден аса әуе рейсі кешіккен

Бүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесінде қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл туралы үкіметтегілер хабарлап отыр.Көлік министрі Марат Қарабаев қазіргі уақытта барлық әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Әуе кемелерін қабылдауға және шығаруға ешқандай шектеулер жоқ. Сонымен қатар 29-31 желтоқсан аралығында Астанада ауа райы күрт бұзылды: қалың қар жауып, боран соқты, желдің жылдамдығы секундына 26 метрге жетті. Соның салдарынан 100-ден астам рейс кешіктірілді. Қажетті шараларды қабылдау үшін әуежай, авиакомпания және метеорологиялық қызмет өкілдерінің қатысуымен жедел штаб жұмыс істеді.Атап айтқанда, жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қажет болған жағдайда медициналық…

0
0
161

Жапониядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар көбейіп жатыр

Жапонияның Исикава префектурасында болған жойқын жер сілкінісінің зардабы уақыт өткен сайын молайып жатыр. Онда 100 мыңдай тұрғын өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Соңғы мәліметтер бойынша Жапонияның орталығындағы зілзала салдарынан 48 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш әлі де өсіп жатыр. Ал болуы мүмкін делінген цунами қаупі сейіліпті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше күншығыс елінде 7,6 балдық жер сілкінісі болған еді. Жапония премьер-министрі Фумио Кисиданың айтуынша, батыс жағалау аймағы көп зардап шеккен. Құтқарушылар үйінді астында қалғандарды шығарып алуға тырысып жатыр.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, кеше таңертеңнен бері түрлі деңгейде 155 жер сілкінісі тіркеліпті. Табиғаттың бұл құбылысы осы апта бойы қайталанып отырады деген болжам бар.

0
0
189

Ұлттық қордан балаларға берілетін төлем: әр балаға қанша қаржы түседі?

Елімізде бүгіннен, яғни 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы іске қосылды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға ақша бөлуді қарастыратын заңға өткен жылы 16 қарашада қол қойған болатын.Аталған жобаға сәйкес, еліміздегі кәмелет жасына дейінгі барлық балалардың есеп-шоттарына жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы теңдей бөлініп аударылып отырады. Оны 18 жасқа толғанда шешіп алуға болады.Ақша есеп-шоттарға 2024 жылдың 1 ақпанынан түсе бастайды. Ал сол 1 ақпаннан кейін 18 жасқа толатын балалар бір жылдық төлемін шешіп ала алады.Ұлттық қорды басқару Ұлттық банктің құзырында болғанымен, «Ұлттық қор — балаларға» жобасының үйлестірушісі — Қаржы министрлігі.Ал операторы — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ).БЖЗҚ міндеті – нысанал…

0
0
567

Жауаптылар жедел әрекет ететінін көрсете білді

Шымкентте тұрғын үйдің мәселесі дер кезінде шешілді.Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тұран-1 ықшамуданында 11 көпқабатты тұрғын үйде қылаң берген мәселе шұғыл түрде шешімін тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков мәлімдеді.Еске салсақ, аталған ықшамауданда көпқабатты тұрғын үйде 2023 жылдың 5 желтоқсаны күні жылумен қамтамасыз ететін ішкі орамдық жылу желілерінде ақау болуына байланысты тұрғындар ыстық су мен жылудан уақытша ажыратылған еді. Сондағы ақауларды жою үшін жауапты орындар дер кезінде әрекетке көшіп, тиісті жұмыстарға Қаратау ауданының әкімдігі мен «Қуатжылуорталық-3» МКК тарапынан 4 бригада жұмылдырылды.«Аталған кемшіліктер тиісті мекеме есебінен қалпына келтірілді. Мамандарымыз шұғыл түрде 500 метрлік…

0
0
330

Зорлық-зомбылыққа жол бермеу жайы студенттерге түсіндірілді

Күнгейдегі мегаполисте мамандар республикалық акция аясында студенттермен кездесті.Шымкент қаласында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн белсенділік» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Осы акция шеңберінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Шымкент қаласы бойынша «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі мен қалалық Қазақстан Халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада мамандар білім алушы жастарға зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қыз бала тәрбиесі, олардың құқығы жайында түсіндіріп берді.«Университетіміз «Әйелдер күштерінің альянсы» бірлестігімен меморандумға отырған болатын. Осында білім алатын студенттің 90 пайызы қыздар. Қыз – болашақ ана, отбасының ұйытқысы. Сондықтан бі…

0
0
287

Шымкентте жасөспірімдерге қатысты қылмыстың алдын алу үшін 72 мобильді топ құрылған

Күнгейлік мегаполистегі прокуратура өкілдері жастар арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жастармен кездесті.Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттермен арнайы кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, прокуратура қызметкерлері, белгілі спортшылар қатысты. Онда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, прокуратура қызметкерлерінің атқарылып жатқан жұмыстары талқыланды.«Статистикаға сүйенсек, қала аумағында жастар арасындағы құқық бұзушылық жағдайлары алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен. Бұл ұрлық, алаяқтық, балаларды азғындық жолға түсіру қылмыстарының жасау фактілеріне қатысты болып отыр…

0
0
220

Дерттің диагнозын жылдамырақ анықтайтын аппарат

Шымкентте алғаш рет озық үлгідегі зертханалық автоматты анализатор орнатылды.Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Диагностикалық орталықта жаңа құрылғы іске қосылды. Медициналық мекемедегі зертханаға жоғары технологиялы заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер біріктірілген модульді Швейцарияда жасалған «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Орнатылған жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2 000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналық мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып оты…

0
0
180