300-ден аса қазақстандық туристің шет елдегі демалысы демалыс болмайын деп тұр
TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатты. Енді осы туроператордың барлық клиенті Қазақстанға қайтарылады.

Фото: tourism-review.su- Бұл ақпаратты Қазақстан азаматтарының сыртқы туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі "Туристік Қамқор" КҚ растады.
Дегенмен осы туроператор арқылы шетелде жүрген қазақстандық туристерге алаңдауға негіз жоқ. Туризм және спорт министрлігі туристердің елге қайтарылатынын мәлімдеді.
Аталған туроператор ел азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің қатысушысы есептеледі. Бүгінде шетелде бұл туроператордың 300-ден аса қазақстандық турисі бар. kaz.tengritravel.kz-





