Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Президент ертең Қытайға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасында болады. Сапар аясында Қазақстан Президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. t.me/aqorda_resmi

0
0
274

Алтай Көлгінов елші болды

Кезінде еліміздің бас қаласының әкімі ретінде танылған Алтай Көлгінов енді дипломатиялық қызметке кіріскелі жатыр. Фото:gov.kz"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - деп жазады t.me/aqorda_resmi.Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекет…

0
0
204

Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды

t.me/qr_tjm

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылынан тасқын қаупіне байланысты 74 адам эвакуацияланды. Оның 30-ы - балалар.

Жағабұлық ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі ауланы су басып, Жем өзенінің арнасынан асу қаупі туындаған.

0
0
318

Рыбакина Майамиде жартылай финалға шықты

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Фото: ©WTA

Ол ширек финалда грекиялық Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7(4), 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды.

Енді Рыбакина финалға шығу үшін белорус Виктория Азаренкомен (#32) ойнайды.

Ал Азаренко ширек финалда тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны (#68) 6:7(4), 1:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын. Бұл екеуі 3 сағат ойнады. Сөйтіп, Путинцева жартылай финалға шыға алмай қалды.

Айта кетейік, кеше қазақстандық екі теннисшінің де ширек финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз.

0
0
236

Ұлытау облысында 360 жылқы қырылған. Енді оның еті қымбаттай ма?

Ұлытау облысында жаппай қырылған жылқылардың кейбірінің иелері табылмай жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Коллаж: qaz365.kz-

Оның айтуынша, аталған өңірде 360 жылқы арам қатқан. Енді жергілікті билік олардың кейбірінің иелерін іздеп жатыр.

Сондай-ақ Сапаров 2023 жылы Ұлытау облысында мал азығын субсидиялауға 1,4 млрд теңге бөлінгенін, әкімдіктің жем-шөп жеткілікті деп есеп бергенін алға тартты.

Қазір бұл өңірде Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен АШМ департамент директоры жүр екен.

Министр «жылқының осыншалықты қырылуына байланысты оның еті қымбаттап кетпей ме?» деген сауалға да жауап берді. Ол бұл салада баға өспейтініне сенімді.

«Қазақстанда жылқы етін өндіру ісі жақсы дамыған. Елде шамамен 4 млн жылқы бар», – деді Айдарбек Сапаров.

0
0
332

Павлодар облысында 20 мыңнан астам тұтынушының құқығы қорғалды

Павлодар облысында табиғи монополия саласындағы заң бұзушылықтар анықталды.

undefined

Фото: pavlodarenergo.kz

Облыс прокуратурасы монополистер - «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-інің жаз мезгілінде іс жүзінде ыстық су үшін абоненттік төлемақыны есептеген заңсыз қызметіне жол бермеді.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады.

Табиғи монополия субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

Павлодар облысының прокуратурасы

0
0
271

Көктемгі егіс кезінде дизель отыны қымбаттамайды - Энергетика министрі

Елімізде көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынының бағасы 20 өңірде де былтырғы деңгейде сақталады. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Фото: inbusiness.kz«Биыл 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан-30 маусым аралығында «2024 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына 340,3 (үш жүз қырықта үш) мың тонна дизель отынын жеткізу графигін» бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда қосымша құн салығын қосқанда литріне 250 теңге және жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 (он бес) пайызға төмен», - деді Сәтқалиев.Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель саудасының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бірқ…

0
0
206

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Майамиде ширек финалға шықты

Қазақстандық екі теннисші Майамиде өтіп жатқан  WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Олар - Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева.

undefined

Сурет: t.me/prokadrykz

Еліміздің үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Мэдисон Кисті 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 23 минутқа созылған.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 21 минутқа созылған. Бұл – оның спорт жолында WTA 1000 сериясы бойынша турнирлердегі үшінші ширек финалы.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен, ал Путинцева белорус Виктория Азаренкомен ойнайды.  

0
0
246

Жамбыл облысында қора өртеніп, 50 басқа жуық мал қырылды

Жамбыл облысында өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды.
undefined
Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Соның салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген.

Өрт алаңы 220 ш.м. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалынның тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп.

Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.
ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

t.me/qr_tjm

0
0
354

Президент Астананың әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді: ➤ барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Былтыр тартылған инвестиция көлемі 1,6 триллион теңгені құраған; ➤ өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, логистика, көлік және басқа да салаларда іске асырылған жобалардың нәтижесінде 1,8 мың жұмыс орны ашылған; ➤ өткен жылы JOLTAP жобасы аясында 6 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасқан. Ал биыл жұмыспен қамтылатын азаматтардың санын 2 есе ұлғайту, яғни 12 мың адамнан асыру жоспарланып отыр. Жалпы 2024 жылы 58 мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген; ➤ былтыр күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясының…

0
0
258