«АЛЖИР» лагері
Экспедициямыздың 4-күні Ақмоладан 17 км қашықтықта орналасқан Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған лагерде немесе ел арасында АЛЖИР деп аталып кеткен жерде болдық. Алаңның ортасында "Қасірет қақпасы" деген саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ретінде салынған мемориалды монумент орналасқан.

Ал алаңның сол жағында "Сталин вагоны" орналасқан. Вагон 1927жылы Одесса қаласында тұтқындар тасымалдау үшін арнайы жасатылған. Осы вагонмен КСРО-ның әр бұрышынан көтерілісшілер мен бүлікшілерді, еліне опасыздық жасағандарды "Алжирге" әкелген. Тұтқындыр арасында бұл вагон "қызылша" деп аталып кеткен, себебі сырты қызыл түсті болғандықтан. 40 адамға арналған вагонда 100 адамды күшпен қамап тасыған деседі. Ішінде бар жоғы 2 қабатты төсенішсіз керует пен бір бұрышта шағын дәретхана болған. Қазіргі "Сталин вагонының" ішінде сол кездегі әйелдер жағдайын көрсету үшін қойылған театралдық қуыршақтардан көрініс келтірілген.


Келесі көргеніміз "Барақ №26". Барақ дегеніміз тұтқындардың өздері қолдан салған баспаналары. Сондай баспаналардың бір түрін мұражай айналасына салып, ішінде мүсіндерінің көмегімен қарауылдың анадан сәбиін күшпен айырып алып жатқан көрінісін анық байқауға болады.

Мұражайдың екі жағында Ж. Молдабаевтың "Түңілу мен әлсіздлік" және "Күрес пен үміт" атты мүсіндері орын тепкен. Мүсін бейнесінен тұтқындардың еркіндікті сағынып, армандап отқан кейіпті көруге болады.


Енді "Алжир" саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды мұражай кешені еніп кеттік. Мұражайда ең бірінші тамашалағанымыз "Алжир" лагері туралы бейне фильм. Фильмде Қазақ жерінде 7,5млн қуғын сүргін әкелінген екені, 3,5млн 58 баппен, контрреволюционер және халық жауы дегені туралы, Гитлер мен Сталинді салыстырып көрсетеді. "Алжирдегі" тұтқындар 5-8 жылдың аралығындай уақытта қамауда болған. Сондай аналарға, Лидия Русланова, С.Сейфуллин әйелі Гүлбахрам, Б.Майлин әйелі Күнжамал, Т.Рысқұлов әйелі Әзиза және т.б. Мұражай қызметкерлерінің көмегімен 2 қабатты мұражайды толық аралап шыға алдық. 1-қабат Қазақстан тарихына арналған және зал ортасында "Өмір гүлі" деп аталатын қара тасты қақ жарып шығып тұрған гүл,ал жоғарыда "Еркіндік пен Еркінсіздік" деген әйел образдарын сомдаған тор ішіндегі бірі босап шығып жатқан, бірі қамауда қалып жатқан көгершіндер бейнеленген. 1-қабатта жалпы 19 ғасыр мен 30-50 жылдар арасындағы барлық оқиғалар баяндалған. ҚР жала жабылғандарды ақтау туралы заңымен басталып , Қазақтың соңғы ханы Кенесарымен жалғасып, Алаш зиялылырымен аяқталады. 2-қабат толығымен 1937 - 1953 жж. "Алжир" тұтқындарына арналған. Онда тұтқындар жатқан абақты көшірмесі, есігі түп нұсқа, лагердегі әйелдердің шаруашылығы, алма егу (қояндарға жегізбей), қамыс ору (күніне 40 бума), кесек жасау (барақ жасауға) , тігін тігу (өздеріне киім, 40 жылдары сарбаздарға әскери форма тігу), танымал кісілер туралы, олардың абақтыдағы балалары туралы, жеке заттары туралы, ГУЛАК пен КАРЛАК туралы ақпарат туралы мағлұмат табуға, абақтыдағылардың басынан өткен қорқынышты әңгімелерін естуге болады.



Мысалы, әйелдер абақты ар жағында сәбилерін 3 жасқа дейін өсірген, 3 жастан кейін балалар үйіне қарауылдар өткізетін болған. Күніне 18 сағат жұмыс жасап, ал түнде тергеу астында отратын болған. Қатал тергеу астында 8 сағаттап отратын болған. Ал отырған орындықтарының биіктігі сонша аяқтары жерге тимейтін болған. Сол себепті аяқтары ісіп, қан айналым бұзылып тамырлары жарылып кететін болған. Ал тұтқандар қасынан Ақжол ауылының тұрғындары өткенде оларға ақ тас лақтырған. Қарауылдар келемеждеп күлетін болған. Бірақ бұл тас емес құрт екенін қазақ әйелі байқаған. Айта кететін жайт, тұтқында 62 ұлт тұтқындары бірге болған. Осы сиақты бұрын білмеген көп әңгімелер естідік. Қызметкерлерге көп алғыс!
Сыртта мұражай артында осы лагерде қаза тапқан әйелдердің есімін алып көктасқа еңгізген. Қазіргі таңда, осы лагерде болып, ақталып шыққан, 1 наурызда 97 жасқа толған Астана қаласының тұрғыны - Анна атты қарт кісі. Ол лагерге түскен кезде бар жоғы 21 жаста болған еді.
Осындай қайғылы оқиғаға куә болып, жан түршігерлік мағлұматтар естіп, енді алдағы уақытта бұндай оқиғалар қайталанбасын деп, бейбітшілік заманда өмңр сүріп жатқанымызға шүкіршілік еттік.
