Мазмұнға өту
nazgulnaz

nazgulnaz

Сайтта 2012 ж. 20 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

114

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

4

Жыланның аяғын көрген...

«Жылан жылы – жайлы» дейтін сөз бар. Ләйім солай болсын. Жылан туралы қазақта ала-құла түсінік бар. Хәкім Абай «Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер. Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр» деп жаратпаған адамын ысылдаған жыланға теңейді. Самұрық құс балапандарын жыл сайын жалмауыз жылан аңдып жататындығын ертегіден оқып білгенбіз. Түркі халықтарының мифтері мен ертегілерінде жылан киелі, жарылқаушы рух бейнесінде көрініс табады. Міне, тілі айыр жыланға деген көзқарас осылай. Бірақ, қазақ жыланның басына ақ құйып қайтаратын, оған құрмет көрсететін бірден-бір халық. Сонау ертеректе Асан қайғы бабамыз «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...» деп кетті. Ал, қазіргі түсінігімізде «Жыланның аяғын көрген қу» деген тіркес бар. Тіпті, х…

0
0
2806

Карлаг фотокөрмесі

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы «Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» көрме залдары Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңына қарай бұрынғы Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесі халықты күштеп ұжымдастыру, «кулактар» мен байлардың көзін жою, қолдан ұйымдастырылған ашаршылық, халық дүрлігулерін аяусыз жаншып-басу, халықтарды еркінен тыс жер аудару, «еңбекпен түзеу» лагерлерін ұйымдастыру, зиялы қауымның көрнекті өкілдерін құртып жіберу сияқты адамзатқа қарсы жасаған қатыгез қылмыстары бойынша мол тәжірибе жинақтады. Қазақстанға төнген саяси қуғын-сүргін құйыны әрбір дерлік отбасын жайпап өтіп, біздің елде тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың небір тамаша өкілдерін баудай түсірді. Қарағанды облысы мекендеген жерлерінен қуылған еңбекқор шаруалардың қалың…

0
0
953

Қытайдағы қандасымыз латын әліпбиінің жаңа жобасын жасап шықты

Қытайдағы қандасымыз латын әліпбиінің жаңа жобасын жасап шықты. Шыңжаң педагогикалық университетінің магистранты Болатбек Керімнің жобасы бүгін ғана BAQ.KZ ақпараттық порталының поштасына келіп түсті. Жаңа латын қаріпін жасауда қандай заңдылықтарға сүйенгенін білгіміз келіп, телефонды Болатбекке жалғадық. Бұл жоба қазақ әліпбиінің бұрынғы Қайдаров латын қарпінің нұсқасы негізінде және ағылшын тіліндегі 26 әріптің халықаралық фонетикалық заңдылықтарына сай жасалды,- деп сөзін жалғады жоба авторы – «Түрік ағайындар бір жағынан нүктелер, үтірлер қойып жатыр. Бізде ондай күрделілік болмауға тиіс»,- деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткеніндей қазақ тіліндегі 26 әріптен асып қалған дыбыстар белгілі заңдылықтар бойынша әріптердің қосарлануы арқылы таңбаланды.Бұл жобаға өзге ұлт тіл…

0
0
2087

Қазақ магниткасы

Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы 1973 жылы ашылған. Мұражайдың жалпы аумағы 1168 ш.м, экспозициялық аумағы – 960 ш.м. Қала өмірінің әрбір тыныс-тіршілігінен хабардар ететін мұндағы жәдігерлердің өткен-кеткен күндерден айтары мол. Қазіргі күні мұнда 9 көрме залы жұмыс істеп тұр: Теміртау ҚР Тәуелсіздік жылдарында; Қала тарихы; Естелік залы; Ностальгия; Этнография; Палеонтология; Археология ; Туған өлкенің табиғаты; Нумизматика. Үстіміздегі жылы мұражайда тұрақты және уақытша жұмыс істеп тұратын «Әйел анатомиясиясы», «Соғыстың құжаттық куәлері», «Жоғалған парақтар», Д.Қонаевтың 100-жылдығына орай «Саясаткердің өмірі» атты экспозициялар ашылды.Әлбетте, Теміртау дегенде, оны Металлургиялық комбинатсыз елестету мүмкін емес. Мұражайда осы өнеркәсіп алыбына арналған арнайы зал бар. Енді…

0
0
1702

Үш масақ

КСРО Орталық атқару комитеті (ОАК) мен Халық комиссарлары кеңесінің (ХКК) «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық(социалистік) меншікті нығайту жөніндегі» бірлескен қаулысын ел ішінде әдетте «үш масақ заңы» атап кеткен. (Постановление ЦИК и СНК СССР «Об охране имущества государственных предприятий, колхозов и кооперации и укреплении общественной (социалистической) собственности» //07.08.1932г). Жаңа заң бойынша мемлекеттік мүлікті ұрлағандарға аса ауыр жаза қолдану қарастырылды. Оның қабылдануына И.Сталиннің өзі тікелей ықпал еткен. Колхоздастырудың алдында бай-кулакты тәркілеу науқаны жүргізілгені естеріңізде. Жаңа заң, оның алдында ғана мал-мүлкінен, жеке шаруашылығынан айырылған шаруалар (сталиндік лагерьлерге қамалғандарынан аман қа…

0
0
1841

«АҚСАҚ ҚҰЛАН» АҢЫЗЫНДАҒЫ АҚИҚАТ немесе «Алтын Орда» ұлысы қалай «моңғол» атанған?

Әлем тарихында ең ұзақ – 250 жыл жасаған Шыңғысхан құрған Алтын Орда империясы жер жағдайына қарай 4 ұлысқа бөлініп, ол ұлыстарды қағанның төрт ұлы – Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле бөліп басқарған. Осы ұлыстардың үшеуі бүгінгі Қазақстанның аумағында орналасты: Жошы ұлысына қазақ жерінің солтүстік бөлігі тұтас және Ертіс өзенінің үстіртінен бастап Алакөл өзеніне дейінгі аймақ, одан әрі батысқа қарай Іле мен Сырдария өңірі енді. Шағатай ұлысы бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан бөлек елдің оңтүстік өңірлерін түгел – Шығыс Түркістан, Қаялық (Жетісу) және Мавераннахрды иеленді. Үгедей ұлысының иелігінде Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағы, яғни Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жерлері болды. Төле – қарашаңырақтың иесі ретінде Орталық Моңғолияға орнықты. Ұлы Далада «Алтын Орда» империясы…

0
0
2327

Сәкеннiң соңғы өлеңi

Биылғы қараша айының 20-да Алматыда "Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннiң өмiрбаян деректерiн нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерiн елге жеткiзу – ұрпақ парызы" деген тақырыпта ғылыми конференция өттi. Конференцияға қатысуға мен де арнайы шақырылған едiм. Амал не, денсаулығыма байланысты Алматыға бара алмадым. Үйде отырсам да "Жас Алашта" молынан жарияланған конференция материалдарын түгел оқып, зерделеп шықтым. Ендi өзiмнiң кейбiр ойларымды ортаға салуды ұйғардым. Менiң анам Бибiайша Аймағамбетова – Сәкен Сейфуллиннiң жақын апайы. Ұмытпасам, 1959 жылдың күзi. Бiздiң үйге Жаңаарқадан менiң үлкен нағашыларымның бiрi Әбдiғаппардың жұбайы, нағашы жеңгем Әдiкен қонаққа келдi. Ол өте келбеттi, Арқаның жұрт таңғалатын нағыз мөлдiр көздерiнiң бiрi едi. Тап бiр тойға баратындай үнем…

0
0
816

Шыңжаң өңіріндегі балбал тастар (Фото)

Көне тарихтың көзіндей болып, ішіне сан сырды бүгіп жатқан балбал тастар қазақ жерінде көптеп кездеседі. Олардың бір шоғыры Шыңжаң өңіріндегі қазақтар қоныстанған айматқтарда орналасқан. Мыңдаған жылдардан бері әлем тарихының әрбір парағына өз ізін түсіріп кеткен Түркілер заманының шұғылалы кезеңіндегі ұлы биіктікті бейнелейтін тас мүсін – балбалдар қазіргі ҚХР Шынжаң өлкесінде көптеп кездеседі. Шығыс Түркістан өңіріндегі балбалдар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған үш аймақта орналасқан. Мұнан тыс, Үрімші маңы мен Бұратала, Құмыл, Санжы сияқты облыстар мен Ақсу, Қызылсу сияқты аудандарда да жиі ұшырасады. Қазір қытайда балбал тастар мен жартас ойма жазуларын зерттеу өте жақсы дамыған. Біз «Жібек жолы: Сахарадағы балбалдар жайлы зерттеу»(қытай тілінде) атты кітаптан Алтай аймағын…

0
0
1082

Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ұстаз

Шыңжаңдағы қазақ балаларына заманауи шипагерліктің қыр-сырын үйретіп жүрген ардақты ұстаздар аз емес. Солардың бірі Шыңжаң медицина университеті гигиена институтының профессоры, аспирант жетекшісі, 12 жыл жалпы гигиена институты бастығының орынбасары болып ٴқызмет істеген – Жақан Сәбитұлы. Ол Жапон-Қытай медицинасын қатар меңгерген ғалым. Жақан Сәбитұлы Мори Қазақ автономиялы ауданында дүниеге келген. 1975 жылы Бейжің медицина университетіне қабылданып, сол жерде кәсіптік біліммен қатар ағылшын тілін, жапон тілін қосымша үйренеді. Аталмыш жоғары оқу орынын 1978 жылы үздік бітірген Жақаң Шыңжаң медицина университетінде оқытушылық өмірін бастайды. Қазірге дейінгі 30 жылдық ұстаздық өмірінде «ортаны қорғау ілімі», «сапалы туу», «орта геохимиясы», «ортаны тексеру», «орта ықпалын бағалау», «ор…

0
0
503

Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер

Ұлан Тұқанұлы – Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш телережиссер. Оның автолық бағдарламалары көрермен көңілінен орын алып, Шыңжаң телеарнасының көгілдір экранынан түскен емес. Ұлан Тұқанұлы 1965 жылы 1 қазанда Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданында дүниеге келген. 1988 жылы Қытайдағы Ши-Ань өнер институтынан оқу бітірген ол күні бүгінге дейін Шыңжаң телеарнасында жұмыс жасап келеді. Ол Қытай республикасының 2-дәрежелі режиссері, Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш теле-көркемөнер режиессері. Ұлан Тұқанұлы сазгерлік талантымен де жұртқа танымал. Оның жазған «Жан аға» әні Ақбота Керімбекованың орындауында шырқалып жүргені мәлім. Бұдан сырт, «Алтын бесік - атамекен», «Ауыл сағынышы» сияқты көптеген әндері де тыңдарман көңілінен орын алды. Ұлан Тұқанұлының режиссерлік етуімен көптеген…

0
0
627