Мазмұнға өту
nazgulnaz

nazgulnaz

Сайтта 2012 ж. 20 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

114

пікірлер

0

тіркелуші

5

жазылымдар

4

Иран қазақтарының той салты

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ – Иран қазақтары жеті атаға дейін бір атаның баласындай үлкен шаңырақтың мүшелері болып өмір сүреді. «Шетелдегі қазақтар, оның ішінде Иран қазақтары ұлтымыздың байырғы дәстүріне ерекше мән беретінін біз көріп өстік»,- деп жазады шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей өз мақаласында. Иран қазақтарының той салты жайлы ғалымның мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. Жасы балиғатқа жеткен жасөспірім жігіт қалыңдығын көшеде танысып, қосылмайды. Ата-аналары арнайы рұқсат беріп, құда түсіп екі жасқа батасын бергеннен кейін ғана қосылып, некелері қиылған күні ғана жақындасуға мүмкіндік алған.Қазақ жылқы мінездес дегенді жиі айтады. Бұл сөз тегін айтылмаған сияқты. Жылқы да өз үйіріне өзге үйірдің жылқыларын қоспайды. Қосыла қалған жағдайда ол үйірден бөлініп кетуі неғайбыл. Осы ора…

0
0
1341

Алтайдан келген – ақ боз үй

АСТАНА. 22 қараша. BAQ.KZ - Астана қаласының 10 жылдық мерекесі кезінде «Атамекен» - Қазақстан картасы этно-мемориалды кешенінің сыртқы ауласында ақ шаңқан матаға алқызыл өрнек бастырған, ақ боз үй тігулі тұрды. Керегесі торлы желкөз, қарын қақтай жонып иген сегіз қанат, тоқсан бас. Ал іші әлем-жалам. Мінсіз шебердің қолынан шыққан киіз сырмақтар мен патсайы қара пұлға бастырып тіккен оюлы маяаузалар төрден есікке дейін көсілте төселген. Оң жақта ұршықты төсек. Басы-аяғы ұрыбілеу, ұршық мойын, қысқа қайың шарбақпен шабақталған. Тақтай бетінде қыналы бояудың сәнді өрнегі. Бұл төсекті сонау Өр Алтайдың күңгей бетіндегі Буыршын ауылында тұратын Әбділ деген шебер жасапты. Тоқсан бас, сегіз қанат боз үйдің желбауының өзі бір қарыс жалпақ. Кереге басын көмкерген басқұр уықтың иінінен асып тұр,…

0
0
2538

Фарида Мерхамитқызы, «Ерке-Нұр» компаниясының президенті: «Ерке-Нұрдың» киімдері хан мен қарашаға ортақ

Ел тәуелсіздігімен қатар өркен жайып келе жатқан кәсіпорындар баршылық. Солардың бірі – Қытай елінен Атамекеніне оралып, отандық кәсіпкерліктің жандануына айрықша үлес қосып жүрген Фарида Мерхамитқызы басқаратын «Ерке-Нұр» компаниясы. Аталмыш компания өнімдер тек Қазақстан көлемінде ғана емес әлем елдеріне етене таныс десек артық айтқандық болмас. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, шетел Президенттерінің біразының иығына «Ерке-Нұрдың» шапаны жабылған. – Еліміз егемендігімен бірге өсіп-өркендеген кәсіпкерсіз. тәуелсіздік шежіресіне қандай қолтаңба қалдырдыңыз? – Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қытай елін артқа тастап, ат басын атамекенге бұрдық. Өрімдей жас кезімізде келіп едік, одан бері де, міне, 21 жылды еңсеріп, жасымыз қырықтың қырқасына шықты. Өз басым 1997 жылда…

0
0
2021

Елбасыны тебіренткен өнерпаз

АСТАНА. 24 қараша. BAQ.KZ - 1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ресми сапармен Моңғолияға барды. Ресми кездесулерден кейін Нұрекең осы елдегі қазақтармен кездесті. Қазақтар ақбоз үйін тігіп, ақсарбасын сойып, көздері мөлдіреп күтіп тұрады. Елбасы келеді. Осы сәтте жас әнші Меруеш Башай домбырамен толғау айтып қарсы алады. Уа, дариға-ай, дариға-ай,Жүректі от қариды-айСұлтанбысыз Нұрмысыз, Аман-есен жүрмісіз... – сыңсытқанда, толғауды тыңдап тұрған Нұрсұлтан Әбішұлының көңілі босап, көзіне жас алды. Бұл оқиға жайлы журналист Қайнар Олжай «Президент пырағы» атты еңбегінде арнайы жазды. Меруеш Моңғолиядағы өнер университетін драма театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Оның алдында педагогикалық колледжде дәріс алған. 1990-2007 жылдары Бай-өлке аймағындағы қазақ музыка драма…

0
0
814

Моңғолиялық қандасымыз сумодан әлем чемпионы атанды

АСТАНА. 15 қараша. BAQ.KZ – Ганконг елінде өткен Сумо күресінің әлемдік чемпионатында қандасымыз Серік Бердімұратұлы Әлем чемпионы атанды,- деп хабарлайды kaznews.mn ақпараттық порталы.

Жақында Ганконгте 37 ел спортшыларының қатысуымен Жапондардың ұлттық күресі Сумодан өткен әлем чемпионатында Моңғол елінің атынан қатысқан 18 жастағы қандасымыз Серік Бердімұратұлы 100 келі салмақта әлемнің түкпір-түкпірінен келген сумошылармен белдесіп, қазақ палуанының қайсар күш иесі екенін тағы бір рет дәлелдеді. 
Серік жақында ғана тамыры терең моңғолдың ұлттық күресінен жасөспірімдер арасында мемлекеттік чемпион атағын алған болатын. Самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Серік осылай күрестің әр түрлерінде сәтті күресіп, жақсы қырынан танылып келеді.

0
0
574

Моңғолияның Ұлттық порталы «Жыл адамын» жариялады

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ - Моңғолияның KAZNEWS.MN Ұлттық порталы әр жылдың соңында жылдың үздік оқиғаларын атап, іскерлік карьераның шыңына көтерілген азаматтарды анықтауды үрдіске айналдырған болатын. Аталмыш портал биылғы жылдың «Жыл адамын» Экономика ғылымдарының докторы, Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі Бакей Ағыпарұлы деп таныды. Бұл жайлы Kaznews.mn хабарлады. Ел басқару тізгіні екінің біріне берілмейді. Білімі мен тәжірибесі толысқан жаңашыл азаматқа ғана аманат артылады. Бакей Ағыпарұлы экономика, саяси, әлеуметтік мәселелерде жиі үн қатып, қолға алған бастамасын соңына дейін жеткізіп, беделді саясаткер, білімді азамат екенін дәлелдеп жүрген азамат. Ол Мңғолияның батыс өңірі, аз ғана қазақ шоғырланған Баян-Өлгей аймағының асқақ бейнесін асқақтатуға, аймақтың әлеуметті…

0
0
427

Қазақ жерінде неміс автономиясы қалай құрылмай қалды?

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Егер 1979 жылы немістер Қазақстаннан автономия алса, онан соңғы кезек ұйғыр мен кәрістікі еді. Олар да бұл мәселені күн тәртібіне шығаруға әзір болатын. Сөйтіп, Қазақ елі бір басында бәленбай автономиясы бар, соның салдарынан қанды қырғынның ошағына айналып кетуі де ғажап емес қой.(Суретте: Амантай Кәкен, Жылқыбай Жағыпарұлы) Қазақтың азаттық жолындағы күрес тарихының ақтаңдақ тұстарының бірі – 1979 жылы Целиноград облысының орталығында болған «Ақмола көтерілісі» болатын. Бұл, сөзсіз, «түкірігі жерге түспей тұрған» тоталитарлық империяның саяси шешіміне қарсы шыққан халықтық ірі қозғалыстардың бірі.Қазақстанда неміс автономиясын құратындай олардың қазаққа не қатысы бар деген сұраққа жауап беру үшін тарихқа сәл шегініс жасайық. Ресей империясының аумағына немістер…

0
0
9381

Абыралы көтерілісі

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Тарихта «Абыралы көтерілісі» деген атаумен қалған оқиғаны былайғы жұрт кейде Қамбарлар көтерілісі деп те атай береді. Өйткені, ол өлке халқының 90 пайызын Арғын-Қаракесек ішіндегі Қамбар рулары құрап тұрған. Көтерілістің басты күші болған да осы атаның балалары. (Суретте:Абыралы тауы) 1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданында болған. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге талпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең аудандарында басталып, кейін іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болға…

0
0
3295

Бату және Русь

(Мономахтың шәпкісі сен қандай ауыр едің...) "Орда ханзадалары дань алып қайтуға келгенде аттың үстінде отырады, ал Русь князь оның алдында басын иіп тұрып, атын бас киіміне салынған сұлымен жемдеуі тиіс. Бұл ешқашан бұзылмайтын дәстүр болды. Бұл рәсім бүгінгі Мәскеудің Кремлінде жасалатын. Өстіп, қолына бас киімін ұстап, далалық ханзадалардың атын жемдеп, мәскеулік князьдардың талай буыны өмірге келіп, өмірден кетті. Қалыптасқан дәстүр үзілмеді... Міне, осыдан барып – «Мономахтың шәпкісі, сен неткен ауыр едің» («тяжела ты, шапка Мономаха») деген сөз тіркесі қалған..." Астана. 9 қаңтар. Baq.kz- Шыңғысхан құрған Алтын Орда империясының Сарыарқа ұлысындағы билігі хандардың мұрагерлік дәстүрімен Жошының қолына, одан Батуға (Сайын хан)көшті. Бату Шығыс Еуропадан, Русьтен дань алып тұрды. Кей-…

0
0
636

Ресейлік ғалымдар жанның бір денеден екінші денеге көшуін дәлелдеді

Мұндай ақпарат Ресей медицина ғылымдары академиясы басып шығаратын бюллетеньде жарияланды. Ғылыми зерттеу Анюхин атындағы қалыпты физиология институтында жүргізілген. Ғалымдар арасында үлкен пікірталас туғызған осынау мақала «Алынған ақпараттың өліден тірі субъектіге өтуі. Атжалмандарға тәжірибелі зерттеу» деп аталады. Ғалымдар атжалмандарды суы бұлыңғыр, ортасында құрғақ алаңы бар бассейнге салып көрген. Бұл әдіс ғылымда кеңінен танымал. Көзі мүлдем көрмейтін кеміргіштер болса алдымен сезімдері арқылы сол құрғақ алаңқайды тауып алады, келесі жолы оған баратын жолды жаттап та алады.Мұндай зерттеуден бірнеше атжалман өткізілді. Нәтижесінде ең сезімтал жиырмасы тәжірибенің келесі сатысына таңдалып алынған. Ол жиырманы ғалымдар алдымен ұйықтатқан. Ал, жарты сағат өткеннен кейін бастарын кесі…

0
0
411