Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш математик
Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш математик – Тұрдыбек Нұрдыбекұлы. Ол Қазақ еліне келіп, студенттерге жиі лекция оқып тұрады. Тұрдыбек Нұрдыбекұлы 1966 жылы Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. 1984-1989 жылдары ҚХР Шыңжаң университетінің математика факультетінде бакалавр, 1989-1992 жылдары осы білім ордасының аспирантурасын бітірген. 1992-1995 жылдары ҚХР, УыХан университетінде оқып, Ph.D атағын алады. Жетекшісі Қытайдың белгілі математигі – ЛюПиды. Шыңжаң университетінің профессоры (2001), Шыңжаң университетінің математика институтының орынбасар директоры (2003 жылдан бері). 2005-2006 жылдары Францияның University de Franche-Comte университетінде лекциялар оқыған әрі осы жерде математикалық талдау таласы бойынша зерттеул…