Алматыда халықтан қару-жарақ сатып алу акциясы басталады. «BNews.kz», 17.04.2014ж.
21 сәуір, дүйсенбі күні Алматыда халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу акциясы басталады. Алматы полициясы аталмыш акцияны өткізу шарттары мен тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
ІІМ 2014 жылдың 21 сәуірінде халықтан заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын бастайды. Алматылықтар бұндай қарудың орнына ақшалай сыйақы алады. Бұл үшін оларға өтінішпен қалалық, аудандық ішкі істер органдарына хабарласу керек. Сыйақы көлемін комиссия анықтайды. Олар қарудың техникалық жағдайын ескереді, деп толықтырды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен.