Қазақстанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ28.04.16 ж. Астана қ. Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясының 7-сессиясы өтті. Конференция шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы өткізілді. АҚИҰ жарлығына сай Кеңес 8 мүшеден тұрады, Қазақстан құрылған ұйымның тұрақты мүшесі болмақ. Бас Ассамблея АҚИҰ Бас Ассамблея Төрағасы қызметіне Қазақстанның кандидатурсын қолдады. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Екі жылдан кейін ИЫҰ мүше мемлекетінің 30 сарапшысы Астана қ. өткен үкіметаралық эксперттік отыр…