Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ долларын құрады

Баспасөз хабарламасы 31.03.16 ж. Астана қ. Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы40 млн.АҚШ долларын құрады Ауыл шаруашылығы секторына стратегиялық инвесторларды тарту және жеке инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі міндет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында айтылған. Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Венгрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің қатысуымен Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялар қорының Консультациялық кеңесінің бірінші отырысы нәтижесінде бірлескен коммюнике қабылданды. Құжатқа «ҚазАгро» холдингінің Төрағасы және «Эксимбанк» Бас директорының орынбасар…

0
0
395

Әңгіменің арқауы – аграрлық сала

Алматы маңындағы «Лесная сказка» демалыс аймағында журналистер үшін ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараны Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен ҚР Ауылшаруашылық министрлігі өткізді. Алғаш болып сөз алған БҰҰ Даму бағдарламасының жоба менеджері Ерлан Жұмабаев Даму бағ­дарламасының жобалары мен жетістіктері туралы баяндады. Сондай-ақ соңғы уақыттағы климаттың өзгеруінен диқандардың зиян шегіп отырғанын баса айтты. «Ауа райының қолайсыздығы диқандардың жақсы өнім алуына кедергі келтіруде. Осыны ескерген БҰҰ Даму бағ­дарламасы USAID және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Орта Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін климаттың өзгеруіне орай Қазақстанда астық өндірісі секторының тұрақтылығын күшейту» ж…

0
0
632

Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытайға жетті

Қазақстанның ауылшаруашылық өнімін тиеген жүк пойызы Қытайдың Сиань қаласына жетті. Қазақтың құнарлы да нәрлі өнімін Қытай құшақ жая қарсы алды. Сиань құрғақ портына келген күнбағыс және рапс майы – Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысында терең өңделген дайын өнім. Контейнерге сұйық май инновациялық технология бойынша құйылған. Бұл тәсіл тауарды Қытайдың өзге де өңірлеріне тасымалдауға тиімді әрі логистикалық шығындарды азайтады. Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Бұрын мұндай өнім Қытай жеріне келгенде қайта құйылып, екі жақтың кәсіпкерлеріне де қосымша шығын әкелетін. Сондай-ақ алғаш рет бұл тауар Шэньси провинциясының аумағында кедендік рәсімнен өткізілді. Бұл да артық шығындарды азайтады. Мұның барлығы өнімнің өзіндік құнын арзандатып, екі ел кәсіпкерлеріне тиі…

0
0
796

KazMeat Astana-2016 халықаралық форумы басталды

Елордада ет және ет өңдеу өнеркәсібіне арналған KazMeat Астана-2016 халықаралық форумы өтіп жатыр. Шараға 14 елден 300-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында ет өңдеу өнеркәсібінің мамандарымен қатар шетелдік инвесторлар, ұлттық компания қызметкерлері мен сарапшылар бар. Шара барысында ет өнімдерін өңдеу өндірісін, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайы сөз болды. Сонымен қатар форум барысында елімізде жеке инвестициялар мен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың бас малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралғандығы айтылды. Тек өткен жылы еліміз 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдерін экспорттаған. Оның 6,5 мың тоннасы – салқындатылған сиыр еті. Бүгінгі форум аясындағы келісімдер бұл көрсеткіштердің еселеп артуына сеп болмақ. Еліміздегі ірі қара мал басы 2001 жылмен салыстырғанда…

0
0
423

Қытай кәсіпкерлері ШҚО-да ет өңдейтін трансұлттық корпорация құрмақ

Қазақстандық ет шетелде жоғары бағаланады, ал ішкі нарықта оның құны тым төмен. Бүгін Астанада тұңғыш рет өткен халықаралық форумы аясында саланың осы сынды мәселелері ортақ талқыға салынды. Ірі отандық ет өндірушілер мен Қытай, Италия, Түркия, Канада, Жаңа Зеландия сынды елдердің мамандары шақырылған форум алаңында бірнеше млн долларлық келісімшарттар қаралып, қазақстандық етке деген жаңа көзқарас қалыптасқан сыңайлы. Әлемдегі ең ірі ет импорттаушы мемлекет Қытай Қазақстанға 200 млн доллар инвестиция құйып, Шығыс Қазақстан облысында трансұлттық корпорация құрмақ. Бүгінгі күні жобаның бизнес жоспары жасалып жатыр. Оның аясында 17 мың тонна жылдық қуаты бар ет комбинаты, 50 мың бас ұсақ және 1000 бас ірі қара малды бордақылау алаңдары салынады. Кәсіпорын өнімнің 80%-ын Қытайға экспорттайды…

0
0
475

2015 жылы 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 16.03.16 ж. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде елімізде жеке инвестициялармен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралды, ірі қара малды асыраумен айналысатын 10 мыңнан аса фермерлік шаруашылықтар қатысады. Бүгінде қазақстандық өндірушілер Ресей нарығын белсенді игеріп, ет және ет өнімдері экспортында өз орын алуда. Тек 2015 жылдың өзінде 16 мың тоннадан артық ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 6,4 мың тонна салқындатылған сиыр еті де бар. Мемлекет басшысымен ет және сүт саласына стратегиялық инвесторларды тарту және халықаралық ет нарығында ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз етуге қатысты қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру ая…

0
0
557

Өзіміздің өнім өзгеден артық

Елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін іргедегі Қытайға сатудың қандай қиындығы бар? Соңғы кездері дәл осы тақырып қозғалғалы бері қисынды-қисынсыз әңгіме де көбейіп кетті. Онсыз да қазақтың еті мен қауын-қарбызы берісі Ресейде, арысы Еуропада саудаланып жатыр емес пе? Мыңдаған шақырымға шаршамай жеткізген қандастарға дәл иектің астында тұрған көршіге тасымалдау әлдеқайда жеңіл ғой. Оның үстіне, кәрі құрлықтағы барша елді қосып санасаң да 1,3 млрдтан асқан қытайыңның жартысына да жетпейді. Осыншама алып нарық жанымызда жатқанда біз «ол жаққа сату керек пе, өзімізге де жетпей қалмай ма, қытайың ала ма?» деген сыңаржақ сөзді қарша боратып жатырмыз. Тоқтаңыз, алдымен дәл сол көршіміздің өзі қоймай сұрап жатқанын білесіз бе? «Қазақтың өнімдерін сату менің жұмысым» – Қазақтардың ауыл ш…

0
0
624

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 04.03.16 г. Астана қ Ауыл шаруашылығы министрі Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды Кәсіпорын басшыларымен кездесу бағдарламасы «Рубиком» ЖШС-нен басталды. Аталған кәсіпорын жылына 6 мыңдай шұжық және ірі қара малдың, шошқа және құс етінің өнімдерін шығарып, Қазақстан және Ресей нарығына сатады. Сапар барысында Министр «Павлодар құс» ЖШС-ның құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, жылына 1,5 мың тонна қызанақ өсіріп шығаратын «Павлодарский тепличный комплекс» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізді. Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімдігінде өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі жөнінде кеңес өтті. 2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жалпы республика бойынша 2,7 трлн. теңгені құрады. Мұнымен өндірістің ең үлкен өсімі Павлод…

0
0
429

АШМ-ның қоғамдық кеңесі жанынан алты салалық комиссия құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы және бірқатар комиссиялар бекітілді. Кеңестің төрағасы ретінде қазір ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин тағайындалды. Кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды. Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық әлеуетін дамытуды интегациялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі комиссиялар құрылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін…

0
0
365

АШМ-де Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

29.02.16 ж.                                                                                           Астана қ.

Мемлекет басшының «Бес институционалдық реформасы бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар және азаматтық сектор өкілдері енді.

Кеңес отырысының алғашқы жиынында  ашық дауыспен төраға, хатшы, Қоғамдық кеңес президиумының құрамы және Қоғамдық кеңестің салалық комиссиясы құрылды.

Сондай-ақ, жиын барысында Кеңеспен бірқатар ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды, атап айтқанда: Қоғамдық кеңестің ережесін бекіту, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын сараптау тәртібінің ережесі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

www.minagri.gov.kz

0
0
332