Әкімшіліктер егін науқаны туралы жалған ақпарат берген
Әкімшіліктердің берген ақпаратына сәйкес, бүгінге дейін Ақмола облысы егіннің – 92, Қостанай – 74, ал Солтүстік Қазақстан облысы – 82 пайызын жинап алған. Бірақ бұл көрсеткіштер ғарыштан түсірілген фото суреттермен сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен 2015 жылғы өнімге тұқым дайындау жөніндегі селекторлық отырыс аясында «Хабар» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында министрліктің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов айтты. Комитет төрағасының айтуынша, тіпті бұл облыстардың кейбір аудандарындағы шаруашылықтар әлі күнге дейін егіннің 20-30 пайызын да жинап үлгермеген. Оған біріншіден, ауа райының қолайсыздығы себеп болса, екіншіден, техниканың жетіспеушілігі қол байлау болған. Сақташ Хасенов, Ауыл шаруашылығ…