Қызылорда облысының тұрғындарынан киіктің 4 ұшасы тәркіленді
2014 жылғы 3 қазан күні «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Қызылорда облысы Сырдария ауданының аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Toyota Land Cruiser» автокөлігін тоқтатты.
Аталған автокөлікті тексеру барысында киіктің 4 ұшасы, 12 калибрлі 2 мылтық пен оқ табылып тәркіленді.
Осы факт Сырдария ауданының АІІБ-да тіркелді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
http://mgov.kz/kz/4-tushi-sagi-iz-yaty-u-zhitelej-ky-zy-lordinskoj-oblasti/
