Қызылорда облысында браконьерлерден 180 дана киік мүйізі тәркіленді
2014 ж. 26 қыркүйекте Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы прокуратурамен бірлесіп өткізген қорғау іс-шаралары барысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында «Опель Астра» автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында 180 дана көлемінде киіктің мүйізі табылды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 290-бабына орай қылмыстық іс қозғалды
http://mgov.kz/kz/v-ky-zy-lordinskoj-oblasti-u-brak-n-erov-iz-yali-180-rogov-sajgi/
