Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сот жүріп жатыр

Кеше Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық істің екінші сот отырысы өтті. Сотта мемлекеттік айыптаушылар айыпталушыларға тағылған айыптың мазмұнын баяндады. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығынның көлемі айтылды. Сосын 14 жәбірленуші сұралды. Олар - өртенген көліктер мен тоналған дүкендердің иелері. Атап кетерлігі, кейбір жәбірленуші келтірілген шығын үшін материалдық өтемақы талап етуден бас тартып отыр.

Ал, бүгінгі үшінші (яғни 29 наурыз) сот отырысына қатысушылардың азайғаны байқалды. Өйткені, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 170 орындық сот залы 80%-ға, ал, монитормен жабдықталған 150 орындық арнайы бөлме 60%-ға ғана толған. Сондықтан сот отырысы залындағы бос орындарға журналистердің бір бөлігінің отыруына рұқсат етілген. Бүгінгі сот отырысында да жәбірленушілерден жауап алу жалғасты.

1
4
147

Осы тақырып бойынша

Сот жүріп жатыр - Yvision.kz