Мазмұнға өту
minoboronyRK

МО РК

@minoboronyRK

Сайтта 2013 ж. 13 ақпанКазахстан, Астана

Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz

рейтинг

100

жазбалар

1 061

пікір

1

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Жазғы жауынгерлік дайындыққа жаңа қарқынмен

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа жазғы оқу кезеңі басталды. Осыған орай, барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде жауынгерлік оқудың қарқынды және жауапты кезеңін білдіретін салтанатты сапқа тұру шаралары өтті. «Мықты Армия – мықты Қазақстан!» ұраны 2013 жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны болды. Елбасының «Қазақстан -2050 Стратегиясы» Жолдауында Қарулы Күштердің алдында тұрған басты міндет ретінде ұлттық қорғаныс қабілеті мен әскери доктринаны нығайту шеңберінде армияны жаңартудың қазіргі мемлекет дамуы кезеңіндегі стратегиялық маңызы зор екеніне ерекше көңіл аударды. Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде армияны алдағы кәсібилендіру бойынша жұмыс атқарылып, әскери кадрларды дайындау сапасы мен талаптары арттырылды. Сондай-ақ, жауынгерлік дайындықтын деңгейі өсіп, қорғаныс өнеркәсіб…

0
0
565

Әскери оқу орындарында мемлекеттік емтихандар басталды

Алматыда, Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқуды бітіру емтихандары басталды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов бастаған мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысқа кірісті. Биыл Құрлық әскерлері әскери институтын бітірушілерон үш мамандық бойынша емтихан тапсыратын болады. Әскери оқу орнын бітіргендігі туралы диплом институттың 400 түлегіне берілмек. Олардың арасында Қырғызстан Республикасынан он сегіз, Тәжікстан Республикасынан он өкіл диплом алу құрметіне ие болмақ. Аталған республикалардың қазақстанда білім алуы жөніндегі келісім ҰҚШҰ шеңберіндегі қарым-қатынас пен әскери ынтымақтастықтың нәтижесінде қол жеткізілді. Биылғы емтихан тапсырушы курсанттардың 25-і үздік бағамен бітіреді деп күтілуде. Ол…

0
0
484

Әскери қызметшілерге тұрғын үйге өтемақы алу жеңілдетілді

2013 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 538 Қаулысына қол қойылды. Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тұрғын үйді жалға алғаны (жалдағаны) үшін мақсатты өтемақы алуға өтемақы төлеу тетігі жеңілдетілген. Өтемақы алуға қажетті құжаттар әзірлеу үш құжатқа азайтылған. Патент, шот-фактура, фискальный чек, және басқа да құжаттарды ұсыну туралы талаптар өзгертілді. Енді өтемақы алу үшін әскери қызметшілер үйді жалға алғаны (жалдағаны) туралы, тұрғын үйге мұқтаждығы расталатындығы жөнінде және отбасының құрамы белгіленген анықтама өткізуі қажет. Және де аталған өзгертулер бұған дейін патенті жоқ кәсіпкерлермен келісімге отырған әскери қызметшілерді қамту мақсатынд…

0
0
258

Қарулы Күштерде резервистер дайындау жалғасуда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери оқытылған резерв (жұмылдыру резервін) даярлау жөніндегі әскери жиындардың кезекті кезеңі аяқталды. Әскери міндеттілерді даярлау Қазақстанның түрлі өңірлерінде орналасқан бес оқу-жаттығу орталығында жүзеге асырылуда. 2013 жылы барлығы сегіз мыңнан астам азамат «Әскери міндеттілерді әскери оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы» Үкіметтің қаулысына сәйкес даярлықтан өтеді. Бүгінгі таңда 800-ден астам әскери міндетті әскери жиыннан өтті. Оның ішіндегі үш жүз жас жігіт бұрын Қарулы Күштер қатарында қызмет өткермеген. Әскери қызмет тәжірибесі жоқ азаматтарды даярлау Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Бір ай бойы жиынға шақырылған азаматтар әскери пәндерді зерделеп, саптық және атыс даярлығының негіздерімен таны…

0
0
645

Қазақ тілінің ең үздік әскери оқытушылары мен аудармашылары анықталды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде мемлекеттік тілді дамыту мамандарының тәжірибе алмасу жиыны болып өтті. Астана қаласында ұйымдастырылған бұл ауқымды шараның алғашқы күні алдымен «Саптық байқау» өткізілсе, бұдан кейін жиынға қатысушылар «Көшет отырғызу» рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, аталмыш шара аясында өтетін «Мемлекеттік тілдің үздік оқытушысы – 2013» және «Қазақ тілінің үздік аудармашысы – 2013» атты байқауларға қатысатындарды іріктеу ісі де осы күннің еншісіне тиді. Алғашқы байқау бойынша Құрлық әскерлеріндегі 26 оқытушы үміткер ретінде тіркелген болса, олардың қабілет-қарымын сараптау нәтижесінде негізгі байқауға 12-і іріктеліп алынды. Байқау барысында қазақ тілі мамандары ашық сабақ өткізді, әртүрлі нормативті-құқықтық құжаттардың мәтіндерін аударды. Байқауға қатысуш…

0
0
371

Ант қабылдап, серт берді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жас сарбаздардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өткізілді. Бүкіл еліміз бойынша бір мезгілде үш мыңнан астам әскерге жаңа шақырылған бозбала Отанға адал болуға Ант қабылдап, серт берді. Қарулы күштердің түрлері мен тектері, әскери бөлімдері, атап айтқанда Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, Аэроұтқыр әскерлері, Ракета мен артиллерия әскерлері жас сарбаздармен толықты. Ант қабылдау – әрбір әскери қызметші үшін қасиетті рәсім болып саналады. Шара командирлердің, арнайы шақырылған ардагерлер мен ата-аналардың қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. Бұл мерекенің маңызын арттыра түседі. Отан алдында ант қабылданады, сарбаздар еліміздің, туған туыстарының, бүкіл азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға өздеріне жауапкершілік қаб…

0
0
798

Әскери медицина қызметкерлерінің жиыны

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қарулы Күштері медицина қызметтері басшылық құрамының жиыны болып өтті. Оған қатысу үшін Астанаға әскер түрлері әскери-медициналық басқармаларының, өңірлік қолбасшылықтар медицина қызметтерінің, әскери-медициналық бөлімдердің, мекемелердің, дәріханалардың командирлері келді. Жиын жұмысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастады. Өткен кезеңдегі медициналық қызметтің қорытындылай отырып, Бас штабтың басшысы әскери медицина қызметкерлерінің жалпы 2012 жылға арналған міндеттерді орындап шыққанын атап өтті. Медициналық көмек қажетті көлемде көрсетілді. Мұның өзі әскери қызметшілер негізгі құрамының толық сапта болуын қамтамасыз етті. Сонымен бірге генерал Жасұзақов әскери…

0
0
770

Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа қатысу үшін Қырғыз Республикасының астанасына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ-на қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен бірге келді. Отырыста қорғаныс ведосмтволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп қатердің бар екендігін ескере отырып ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің құрылым жүйесінің жай күйі мен оны жетілдірудің шараларын талқылады. Қорғаныс министрлері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі қару-жарақ пен әскери техника түрлерінің және құралдары тізбесінің үлгілерімен олардың сипаттамасымен танысты. Сондай-ақ отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінде бірлескен жедел және жауынгерлік даярлықты…

0
0
501

Қазақстан мен Ресей қорғаныс-өнеркісіптік кәсіпорындары ынтымақтастыққа әзір

Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясының 11-отырысы болып өтті. Комиссия жұмысын Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов пен Ресей Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметінің директоры Константин Бирюлин басқарды. Шағын комиссияның жұмысына Қазақстан және Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіорындарының өкілдері, шағын комиссияның қазақстандық және ресейлік бөліктерінің мүшелері қатысты. Отырыс барасында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарттың жобасын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі, сондай-ақ перспективалық жобалар туралы пікір алмасты.…

0
0
387