ru
Default banner
Разное
426 635 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қарулы Күштер қатарына келісімшарт бойынша қабылдау жұмыстары жалғасуда

Қарулы Күштерді офицерлер құрамымен жасақтау жұмыстары аясында Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде іріктеу іс-шаралары өткізілуде.

Іріктеу барысында әскери қызметке үміткерлер дене дайындығынан сынақ тапсырып, сұхбаттасу мен психологиялық тестілеуден өтті. Іріктеу комиссиясының құрамына Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің өкілдері енген.
Қарулы Күштерді офицерлермен, сержанттармен, қатардағы жауынгерлер құрамымен жасақтау жүйесін жетілдіру Қазақстан Қорғаныс министрлігі қызметінің маңызды бір бағыты болып табылады. Қарулы Күштердегі кадрлар саясатының негізгі мақсаты кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары мамандарды іріктеп алу.
Ескі жасақтау жүйесі жаңа сипатқа ие болды, яғни келісімшарт бойынша офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды әскери қызметке қабылдаудың жаңа жүйесі әзірленді. Оның ерекшелігі – құжаттарды дайындау және орындау мерзімінің ұзақ сатылардан өтуі жойылды, әскерге шақыру үрдісі орталықтандырылды. Бұл құжаттарды қараудың уақытын қысқартып қана қойған жоқ, Қарулы Күштер қатарын жасақтаудың тиімділігін екі-үш есеге арттырды.
2013 жылғы 8-20 шілде аралығында Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қарасты жинақтау пунктінде (Жаңажол көшесі 19)  Қорғаныс министрлігінің және Бас штабтың өкілдері қатысатын іріктеу комиссиясы жұмыс жүргізеді. Бұл жолы келісімшарт бойынша офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеруге ниетті кандидаттарды іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Кандидаттар дене дайындығынан, психологиялық, нормативтік-құқықтық актілерді және жауынгерлік даярлықты білуі бойынша тестілеуден, сондай-ақ терең медициналық тексеруден өтеді.
Әскери қызмет өткеруге ниет білдірген запастағы офицерлер іріктеу іс-шараларына сақадай сай және қазіргі уақытта емтиханнан сүрінбей өтуге бел байлаған.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына қабылдануға ниетті әрбір қазақстандық өз бағын сынауына болады.

Қажетті ақпараттарды мына тефондар бойынша алуға болады:

8 (7172) 72-12-07, 72-11-57, 72-13-00