Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды

Астанада «Дәулет» спорт кешенінің базасында 2013 жылғы 1-5 шілде кезеңінде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік армия спорты кеңесінің және Қазақстан дзюдо федерациясының қолдауымен дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы 35-әлем чемпионаты болып өтті.

 

Чепионатқа барлығы 28 елден араларында әлемнің мықты дзюдошылары бар 200-ден астам спортшы қатысуда.

 

Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен аяқтады. 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізе бүктірген АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Елдос Жұмақанов алтын медальді жеңіп алды.

 

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде АОСК мерзімді қызмет қатардағы жауынгері Мейірлан Баймаханбетов күміс медальді иеленді.  52 кг, 57 кг және 73 кг дейінгі салмақ дәрежелерінде Олеся Куценко, Алина Тен және Қажымұқан Өтеулиев қола жүлдені жеңіп алды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
271

Осы тақырып бойынша

Астанада дзюдодан әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды - Yvision.kz