ҚР Қарулы Күштері әскери-психологтарының жиыны өтуде
Астанадағы десантты-шабуылдаушылар бригадасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері офицер-психологтарының жиыны өтуде. Әскер түрінің барлық бөлімдері мен құрамаларынан жиналған жүзге жуық психолог жиынның екінші күні өздерінің психологиялық және дене даярлығы төзімділіктерін сынға салды. Әскери психологтар алғаш рет стресстік жағдайда өзін-өзі бақылау және жеке құрамның психологиялық дайындық әдістерін тәжірибе түрінде пысықтады. Тоқсан пайызға жуығы әйелдерден тұратын психологтар танк астына түсіп, гранат лақтыру сияқты күрделі іс-қимылдарды жасады. Сонымен қатар, олар от жолақты жолдан тұратын түрлі кедергілерді жүріп өту арқылы өздерінің жан-жақты даярлықтарын көрсетті. Жиынға басшылық жасаған ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық…